Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-ны алдын алу

Табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ-ны алдын алу

СҚО Аққайың ауданының өрт сөндiрушiлерi Қазақстан полициясының

25 жылдығы құрметiне ашық есiк күнi мен флэш-моб ұйымдастырды Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған iс-шаралар мен тұрғын үй аумағындағы өрт қауiпсiздiгi айлығы аясында Аққайың ауданы Смирново ауылының ТЖ бөлiмi мен №9 өрт сөндiру бөлiмiнде «Ашық есiк күнi» өттi.

Өрт сөндiру бөлiмiне №2 орта мектептiң оқушылары келдi. Олар бiрнеше жылдан берi СҚО ТЖ департаментiнiң бөлiмшесiне қонаққа келiп, азаматтық қорғау бойынша көптеген шараларға қатысып жүр.

Аталған шараның мақсаты азаматтық қорғау органдарының қызметiн насихаттау және өскелең ұрпақтың өрт қауiпсiздiгi саласындағы қоғамдық санасы мен азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру.

Өрт сөндiру қарауыл бастығы азаматтық қорғау лейтенанты Әлiмжан Кушеков өрт сөндiру көлiгiндегi жабдықтарды көрсетiп, пайдалану тәсiлдерiн көрсеттi. ТЖ бөлiмiнiң бас маманы азаматтық қорғау майоры Дулат Шурманбаев балаларға отпен ойнамау керектiгiн айтып, тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгi ережелерiн түсiндiру жұмыстарын жүргiздi.

Аталған шараны жүргiзу барысында Manneguin Challenge (уақыттың тоқтап қалуы) флэш-мобы ұйымдастырылып, гарнизонның жеке құрамының күнделiктi жұмыс сәтi, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғау органдарының қарбалас жұмысы көрсетiлдi.

Балалармен отпен ойнамау туралы қызықты әңгiме жүргiзiлдi және көз тартарлық жаднамалар таратылды.

Аудандық ТЖ бөлiмi мен өрт сөндiру бөлiмiнiң қызметкерлерi аталған акциядан кейiн балалардың жол қауiпсiздiгi ережелерiн толық ұғынып, бала ойынынан туындайтын өрт саны азаяды және деп үмiттенедi.

СҚО Аққайың ауданының өрт сөндiрушiлерi Қазақстан полициясының

СҚО Аққайың ауданының өрт сөндiрушiлерi Қазақстан полициясының

Аққайың ауданындағы семинар: Зейнеткерлер қауiпсiздiгi талқыланды

Өрт қауiпсiздiгi айлығын жүргiзу аясында Аққайың ауданының ТЖ бөлiмi жалғызбасты зейнеткерлердiң, қарттардың және мүгедектердiң үйiне барып, әлеуметтiк көмек көрсететiн бөлiмше қызметкерлерiмен семинар өткiздi. Семинар тақырыбы тұрғын үйлердегi өрт қауiпсiздiгi ережелерiн түсiндiру болды.

Аталған шараны ұйымдастырудың өзiндiк мәнi бар, себебi өрт жағдайына жүргiзiлген талдауға сәйкес, көптеген өрт пен адам өлiмi фактiлерi жалғызбасты қарттардың және қоғамнан тыс өмiр салтын ұстанатындардың тұрғын үйлерiнде орын алады.

Семинарға Астрахан, Смирнов, Қиялы, Григорьев, Лесной ауылдық округтерiнiң үйге барып әлеуметтiк көмек көрсететiн бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi, жалпы саны 28 адам қатысты.

Аудандық ТЖ бөлiмiнiң бас маманы, азаматтық қорғаныс майоры Дулат Шурманбаев өрттiң тұтануы мен тұрғындардың өрттен мерт болуының негiзгi себептерiн атап өттi және қайғылы оқиғаның алдын алуға септiгiн тигiзетiн тұрмыстағы өрт қауiпсiздiгiнiң қарапайым қағидаларын түсiндiрдi.

Семинар соңында ТЖ бөлiмiнiң қызметкерлерi тұрғын үй секторындағы өрт қауiпсiздiгi туралы жаднама таратты.

Аққайың ауданындағы семинар: Зейнеткерлер қауiпсiздiгi талқыланды

Аққайың ауданындағы семинар: Зейнеткерлер қауiпсiздiгi талқыланды

Өрт қауiпсiздiгi айлығы аясында акция

Көлiкте қауiпсiздiктi қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының әртүрлi ведомстволармен бiрлесiп шешiлетiн ең бiр маңызды тапсырмаларының бiрi болып табылады. Өрт қауiпсiздiгi айлығын өткiзу аясында Аққайың ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмi өрттердi, көлiкте адамдардың қаза болуы және жарақаттануы бойынша «Қауiпсiз жол қозғалысы» акциясын ұйымдастырды және өткiздi.

ТЖ бөлiмiнiң және №9 бөлiмiнiң қызметкерлерi Аққайың ауданының жергiлiктi полиция қызметiмен бiрлесiп «Аягөз» сауда үйiнiң маңында тұрғындарға мына тақырыптарда ескертпелер таратты: «Көлiкте өрт қауiпсiздiгi», сондай — ақ «Жеке тұрғын үйде өрт қауiпсiздiгi». Осы акцияны өткiзу кезiнде азаматтық қорғаныс қызметкерлерiмен тұрмыста және көлiкте өрт қауiпсiздiктерi ережесi түсiндiрiлдi.

Ауданның iшкi iстер бөлiмiнiң полициялары iс-шара барысында акцияны өткiзу орнына қоршап алуды ұйымдастырды, қоғамдық тәртiптi күзетудi қамтамасыз еттi.

Осындай алдын алу жұмыстары үгiттеудi өткiзуге және өрт — техникалық бiлiмдерiн насихаттауға, адамдардың өртке қарсы және өрттердiң азаюына тиiмдi көмектеседi.

Өрт қауiпсiздiгi айлығы аясында акция

Өрт қауiпсiздiгi айлығы аясында акция

Өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлк!

Өрттердiң санын азайту мен оларда адамдардың қаза болуын алдын-алу бойынша Аққайын ауданы ТД бойынша бөлiмiнiң қызметкерлерi аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң қызметкерлерiмен бiрлесiп, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiктер өткiзуде, сенбiлiк шарасында өрттердегi адамдардың қаза болуын алдын-алу және тұрғын үй секторындағы халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету көзделген.

Сонымен, өрт қауiпсiздiгi бойынша сенбiлiк өткiзуде Смирнова селосында, Көктерек селосында рейдтер жүргiзiлдi, онда 183 тұрғын үй қамтылды, өрт қауiпсiздiгi бойынша 380 дана жадынамалар таратылды. Жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, селолық округтердегi халықпен жиын өткiзу кестесiнiң жоспары құрылды. Аталған бағыттағы жұмыс әрi қарай да жалғасатын болады.

Алдын-алу жұмыстарын өткiзудегi қызметкерлердiң басты назарға алғаны әлеуметтiк қауiптi топтағы адамдарға ерекше назар бөлiдi (нақты қызметi жоқ адамдарға, тұрғылықты жерi жоқ адамдарға) зейнеткерлерге, тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларға.

Отпен абай болыңыздар, от — қателiктi кешiрмейдi.

Табиғи апатқа ұйымдастырушылықпен және үйлесiмдi тайталасу

Аққайың ауданында ТЖ бөлiмi кәсiпорындармен «дөңгелек үстел» өткiздi. Күн тәртiбiнде шағын кәсiпорын обьектiлерiне жанама аумақтардан қар шығару бойынша мәселе тұрды.

Кеңесте аудандық ТЖб бастығы азаматтық қорғау подполковнигi Ж. Есенғазин су тасқын кезеңiне дайындалу қажеттiлiгiн белгiлеп шықты. Ол алдағы су тасқынның салдарын төмендету мақсатында, қарды елдi мекендерден тыс уақытылы шығаруға кеңес бердi.

ҚР ӘҚБ туралы К 505 бабында қарастырылған, аумақты жайластыру желiсi бойынша әкiмшiлiк зағнамалықты түсiндiрумен, аудандық ӘӘб жергiлiктi полиция қызметiнiң бастығы полиция подполковнигi К. Жұмағұлов сөз сөйледi.

Кәсiпкерлер құқық қорғау органдары өкiлдерiнiң қар жинап шығару бойынша ұсыныстарын қолдап, бұл ауданның қауiпсiздiгi мен қалыпты өмiр тiршiлiгiн қамтамасыз ету — маңызды iс деп атап өттi.

Тек осылай ғана, ұйымдастырушылықпен және үйлесiмдi әрекет етiп, табиғи апатқа қарсы тұруға болады.

Табиғи апатқа ұйымдастырушылықпен және үйлесімді тайталасу

Табиғи апатқа ұйымдастырушылықпен және үйлесімді тайталасу

Аққайың ауданының ТЖ бөлiмi

Қырағылық — үй қауiпсiздiгiнiң кепiлi

Қыс жылы күндерге жол берiп, бара-бара өз құқығын жоғалтады. Алайда, ауа райының жағдайына қарамастан өрттер күнделiктi адам өмiрiнде өз орнын алады. Белгiлi бiр заңдылықпен қанағатсыз жалын өмiр бойы еңбекпен жиналған құндылықты жалмап алады, отта адамдар көз жұмады.

Осылайша, мәселен, 2017 жылғы 21 ақпанда Аққайың ауданының №9 өрт сөндiру бөлiмiне Смирнов ауылында жеке тұрғын үйдiң жалындап жатқаны туралы хабар түстi.

Жауынгерлiк есептоптың келу уақытында түтiндi терезелерден тiлсiз жау көрiндi. Өрт сөндiру басшысы жеке тұрғын үйдi электрқуаттан ажыратып, отты сөндiруге өрт сөндiру оқпанын беру шешiмiн қабылдады.

Жалындап жатқан үйден көршiлес тұрған жақындары бiрiншi өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң келуiне дейiн 75 жасар екiшнi топ мүгедегi зейнеткер әйелдiң мәйiтiн шағарған едi.

30 м. кв. ауданындағы төбе жабыны мен бөлме аралық шымылдықты бұзған өртпен өрт сөндiрушiлер бiр сағаттан артық уақыт бойы күрестi.

Сарапшылардың тұжырымдарына сәйкес өрттiң себебi — жылыту пеш плитасының қасында оттың кептiруi болды.

2016 жылдың қыркүйек айында тұрғын үйлерде өрттердiң алдын алу бойынша профилактикалық рейдтердiң шеңберiнде ауданның азаматтық қорғау қызметкерлерi зейнеткер әйелге кiрiп, өртке қарсы ережелердi сақтау жайында әңгiмелестi, тақырыптық жаднама берген едi. Шамасы, әлдеқандай уақытта үй қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде қырағылық бәсендеп, өрт аяусыз үй иесiнiң өмiрiң алып кеттi.

Жыл басынан бастап Аққайың ауданында барлығы 6 өрт орын алды, олардың 2 — жылыту пешiн орналастыру және пайдалану кезiнде өрт қауiпсiзiдк ережелерiн бұзу себебiнен болды. 1 адам көз жұмды.

Қырағылық — үй қауiпсiздiгiнiң кепiлi

Қырағылық — үй қауiпсiздiгiнiң кепiлi

Жұлдыз Есенғазин,
Аққайың ауданы ТЖ бөлiмiнiң бастығы
азаматтық қорғау подполковнигi

Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданында су тасқынының алдын алу мәселесi бойынша аудан әкiмiнiң тұрғаныдар алдындағы есебi өттi

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, халық алдында барлық деңгейдегi әкiмдер жыл сайын есеп өткiзедi. Бұл дәстүрлi диалог мемлекеттiк органдардың жүргiзiп отырған жұмысы туралы жұртшылықты хабардар ету ғана емес, сонымен қатар өзектi мәселелердi шешуге өз жоспарларын уақтылы түзетулер енгiзу үшiн жасалған.

Бұл жұмыс қоғамның, елдiң, өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық және саяси реформалар саласындағы жұмыстардың жалғасып, одан әрi шоғырландыру туралы хабардарлықты арттыру үшiн бағытталған.

Үстiмiздегi жылдың 9 ақпанында Облыстық Мәдениет үйiнде Облыс әкiмi Ерiк Сұлтанов және аудандық қызметкерлердiң қатысуымен Аққайың ауданы әкiмiнiң есеп беру кездесуi өттi. Сондай-ақ, аталмыш iс-шараға Төтенше жағдайлар бойынша Департамент басшысы, полковник Павел Филиппов қатысты.

Осы кездесу барысында аудан әкiмi Байтулешов Д.Б халыққа Аққайың ауданының 2016 жылдағы әлеуметтiк-экономикалық даму аспектiлерi жайында және алдағы 2017 жылға жоспарланған жұмыстар жайында есеп бердi.

Өз есебiнде әкiм бiлiм саласындағы мәселелер, оның iшiнде аудандық бес мектептерде — Ивановка, Власовка, Aралағаш, Шағлы ОМ, Toкушенка МГ өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сәйкес тартылғандығы туралы және талаптарға сай жұмыс жүргiзiлгендiгi туралы, сонымен қатар 2017 жылы осы бағытта жұмыс жалғасатындығы жайында баяндады.

Аққайың ауданы тұрғындары көтерген мәселелерiнiң бiрi — су тасқыны кезеңiндегi алдын алу жұмыстары және Смирново ауылында құрғататын жыраларды тереңдету жұмыстары. Аудан әкiмi бұл мәселелердi басты назарға алып, жақын арада шешiмiн табатын жолдар қарастыру керектiгiн айтты.

Аудан әкiмi шұңқырлар мен су өткiзетiн тазалау жұмыстарына, су тасқыны кезеңiнде сенбiлiктердi өткiзу және елдi мекендерде өнiмдiлiгi жоғары насостар сатып алу мiндеттерiне, сонымен қатар 2017 жылы су тасқынына дайындық мәселелерiне баса назар аударды.

Төтенше жағдайлар бойынша бөлiмiне су тасқыны кезеңiнде сақтық шаралары және ережелердi түсiндiру жұмыстарын жүргiзу, су тасқынына ұшыраған елдi мекендерде тұратын тұрғындарға хабардар-парақшалар тарату жұмыстары тапсырылды.




СҚО Аққайың ауданы
ТЖб бастығы азаматтық қорғау подполковнигi
Жұлдыз Есенғазин

Жылыту отын жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгiн сақтау

Жылыту отын жағу кезiнде өрт қауiпсiздiгiн бұзушылық жылыту маусымында болатын өрттердiн басын бөлiгi.

Осы өрттердiн жартысынан көбi қарт адамдар тұратын үйлерде болатыны мәлiм. Бұның себебi өрт қауiпсiздiгiн бұзушылық қана емес, қарт адамдар өздерiнiң зейнетақыларына пештердi жөндеуге қалдары келмейдi.

Сонымен пештер бұзушылықпен жағылады, және «үй ошағы» от ошағына айналады.

Осыған байланысты келесi ережелердi сақтау қажет:

  1. пеш оттығы есiгiнiң алдынан тiкелей еденде үстiнен өлшемi 0,5х0,7 метр металл болат болатын жылу оқшаулағыш материал қабатын орналастыру қажет;
  2. оттық есiгiнен бастап қарама-қарсы есiкке дейiнгi қашықтықты кемiнде 125 сантиметр етiп жасау қажет; егер қабырға немесе далда жанбайтын материалдан жасалған болса, онда есiкке қарсы ауданы оттық ойығының ауданынан екi есе артық болатын жылу шағылдырғыш экран орнату қажет;
  3. қабырға ойығында тас пеш орнату кезiнде пеш пен қабырға арасында 28 сантиметр саңылау жасау қажет. Осы аралыққа термо оқшаулағыш қабатын салып, кейiн оны қалыңдығы бiр кiрпiштей кiрпiш қабатымен бiтеу қажет;
  4. тастың сыртқы қабаты мен қабырға немесе жанбайтын материалдардан жасалған далда арасындағы кеңiстiк қабырғадағы немесе далдадағы жанбайтын материалдан жасалған қорғағыш қабатының құрылғысымен 26 сантимерге тең етiп орындау қажет;
  5. кiрпiш түтiн құбырының сыртқы қабаты мен жанғыш жабын (тор, шатыр тiреуiшi) құрылымдары арасына жанбайтын оқшаулағыш материалмен толтырылған, қалыңдығы 13 сантиметрден кем емес саңылау қарастырылуы қажет;

Аққайын ауданы ТЖб

20.06.2017 14:46

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика