Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Мүлікті заңдастыру

Мүлікті заңдастыру

«Аққайың ауданында мүлiктi жария ету туралы ақпарат»

2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңы қолданысқа енгiзiлдi.

Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң жанынан мүлiктi жария ету бойынша комиссия құрылды.

Мүлiктi жария етуге қатысты құжаттарды қабылдау Аққайың ауданы әкiмi аппаратының кеңсесiнде Аққайың ауданы Смирново ауылы Народная көшесi, 50 мекенжайы бойынша қабылданады, телефон 2-15-64.

Заннамаға сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк (ғарыш объектiлерiнен және магистральдық құбырлардың желiлiк бөлiгiнен басқа), құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздерi орналасқан, жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиесiлi жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар) жатады.

Мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету үшiн келесi құжаттар қажет: мүлiктi жария ету туралы екi данада белгiленген нысандағы өтiнiш; жеке басты куәландыратын құжаттың көшiрмесi, өтiнiштi берген кезде түпнұсқасын көрсету қажет; объектiнiң құрылыс нормалары мен ережелерiне және жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникасының паспортына сәйкестiгiн анықтау үшiн ғимараттар мен имараттардың техникалық тексерiлуiн өткiзетiн аттестатталған сарапшының қорытындысы.

Басқа тұлғаға ресiмделген жария етуге ұсынылатын мүлiкке қосымша келесi құжаттар табысталады: мүлiкке құқық орнатушы құжаттардың көшiрмесi (нотариуспен куәландырылған); мүлiктi жария ету субъектiсiне басқа тұлғаның мүлiктi өтеусiз табыстау туралы келiсiмшартының көшiрмесi (нотариуспен куәландырылған).

Мүлiктi жария ету науқаны 2014 жылғы 1 қыркүйек басталып, 2015 жылғы 31 желтоқсан аяқталады.

Өтiнiш қабылданған күннен кейiн отыз күн iшiнде комиссиямен қаралады.

Жария етiлетiн мүлiк бойынша ұсынылатын мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына жария ету субъектiлерi жауапты.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жария етуге жататын мүлiктi ресiмдеуге қатысты барлық шығынды жария ету субъектiлерi өздерi өтейдi.

Мүлiктi жария етуге қатысты барлық сұрақтар бойынша 2-17-74 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Аққайың ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы мүлiктi жария ету бойынша комиссия

21.01.2015 14:13

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика