Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Аудан туралы || Бұқаралық ақпарат құралдары

Бұқаралық ақпарат құралдары

Аудандық баспа тарихынан

Аудандық басылым 1942 жылдың 24 сәуiрiнен бастау алады. Ол кезде ауданда екi газет болатын-ды, «Социалистiк еңбек» қазақ тiлiнде және «Социалистический труд» — орыс тiлiнде. Газет екi баспа табақ көлемiнде және 450 дана таралымымен аптасына екi рет басылып отырды.

Кейiн қазақ тiлiндегi газет өз қызметiн тоқтатты, Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн оқырмандарға қайтып оралды.

«Аққайың» Аққайың аудандық газетi 2004 жылғы 28 ақпаннан басылып келедi. Ол кезде қазақша басылым айына бiр рет шығатын, қазiр-апта сайын, түрлi-түстi орындауда 8-12 бетте басылып шығады.

Орыс тiлiндегi газет 1961 жылы қазiргi «Колос» атауын алды. Қазiргi уақытта аптасына бiр рет, 12-24 бетте, түрлi-түстi баспа табақпен шығарылады.

Қазiргi уақытта басылымдардың меншiк иесi «Колос» газетiнiң редакциясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестгi iболып табылады.

Екi газет мемлекеттiк ақпараттық саясатты өткiзген кезде аудан әкiмiнiң ресми басылымдары болып табылады.

Газет басшылары

1942 жылдың сәуiрiнен Е. Жүсiпбаев жауапты хатшы болды. 1944 жылы В.Ф. Зиновьев редактор болып тағайындалды. Содан кейiн М. Садуов, В.В. Хоменков редактор болды. Редактор газет және баспаханаға бiрден басшылық еттi.

Ауыл шаруашылығы қайта құрылғаннан кейiн аудандық газеттер ауданаралық газеттерге айналды. 1961 жылдан берi газет «Колос» атауына ие болды. Редактор болып — М.Ю. Репкин, кейiн — И.Е. Река, М.П. Сердюкова, В.А. Кошеленко, Т.А. Әбiлмәжiнов, А.А. Бондаренко, Т.М. Лесикова, В.С. Асланов болды.

2004 жылдан берi «Колос» газетiнiң редакторы Александр Александрович Лесиков.

2004 жылдан берi қазақ тiлiндегi «Аққайың» аудандық газетi шыға бастады. Редактор лауазымында Б.У. Қашенова, Г.М. Тұяқова, Ж.Т. Сматаева, Ж.Е. Батина қызмет еттi.

Қазiргi уақытта газеттi Әсем Базарханқызы Байзақова басқарады.

«Аққайың» газетi

2004 жылғы 28 ақпаннан бастап шығады.

Меншiк иесi: «Колос» газетiнiң редакциясы» ЖШС.

Апта сайын, бейсенбi күнi шығады.

2017 ж. 01.01. таралым — 500 дана.

Мекен-жайы: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Зеленая көшесi, 31.

Редактордың ТАӘ: Әсем Базарханқызы Байзакова.

Тел.: 2-10-85

Факс: 8-715-32-2-12-67

e-mail: akkain_smi@mail.ru

Ғаламтордағы сайт: http://baq.kz/kk/regional_media/media/257

«Колос» газетi

1942 жылдың 24 сәуiрiнен бастап шығады.

Меншiк иесi: «Колос» газетiнiң редакциясы» ЖШС.

Апта сайын бейсенбi күнi шығады.

2017 ж. 01.01. таралымы — 2800 дана.

Мекен-жайы: 150300, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Зеленая көшесi, 31.

Редактордың ТАӘ: Лесиков Александр Александрович.

Тел.: 2-22-09

Факс: 8-715-32-2-12-67

e-mail: gaz_colos@mail.ru

Ғаламтордағы сайт: www.smirnovo.info

29.05.2017 17:36

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика