Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Аққайың ауданында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

Аққайың ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы»

«Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы» iске асыру барысы туралы

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсiптiк бiлiммен және қысқа мерзiмдi кәсiптiк оқытумен қамтамасыз ету» бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша 10311,4 мың теңге сомасына 57 адамды оқыту көзделген. Қысқа мерзiмiдi курстарға 8 оқу орнына 51 адам келесi мамандықтар бойынша: автослесарь — 3 адам, электр газбен дәнекерлеушi — 8, бухгалтер — 3, «В» санатының жүргiзушiсi — 5, аспазшы — 8, механизатор — 1, кондитершi — 2, шаштараз — 4, тiгiншi — 2, электрмонтер — 3, ағылшын тiлi курстарына — 1 және компьютерлiк сауаттылыққа — 11 адам жолданған. Бiлiктiлiктi жоғарылату курстары а.ж. мамыр айында электр газ дәнекерлеушi және бухгалтер мамандықтары боынша ұйымдастырылады.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» екiншi бағыты көлемiнде, республикалық бюджет қаражатынан 110000,0 мың теңге мөлшерiнде өз iсiн ашуға және кеңейтуге 29 кредит беру жоспарланған.

39 әлеуеттi қарыз алушылар кредит мәселесi бойынша 129,25 млн. тн. сомасына өтiнiш бiлдiрген, 12 мамыр жағдайына «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ 18 адам 46,5 млн. тн. сомасына жолданған. Ағымдағы жылы кредит алушылармен 15 адам жұмысқа орналастырылған, 23 қосымша жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшiншi бағыты шеңберiнде,

  • әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспары бойынша 17 адамды орналастыру қарастырылған, республикалық бюджеттен 6764.0 мың теңге бөлiндi. Жұмыс берушiлердiң өтiнiшi бойынша 23 жұмыс орны құрылды, 67,6 мың теңге (жұмыс берушiнiң 23.8 мың теңгесi мәлiмделген сомасының 35% мемлекеттiк субсидиялар).
  • Жастар тәжiрибесiне жұмысқа орналастыру жоспары бойынша 11 адам, республикалық бюджеттен 3747,0 мың теңге бөлiндi. Жастар тәжiрибесi бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруға жұмыс берушiлер тiзiлiмi бекiтiлген, 2017 жылғы 1 шiлдеден жастар тәжiрибесi жұмысы ұйымдастырылады.
  • уақытша қоғамдық жұмыстарға 117 адам жұмыссыздар қамтылған. Жұмыс орындарын ұйымдастыру жоспары 231 адамды құрайды, жергiлiктi бюджет қаражатынан 11449,0 мың теңге бөлiнген.
  • ағымдағы жылы ОҚО еңбек күшi мол аймақтарынан 5 отбасы қоныс аударушылар және 5 отбасы оралмандар күтiлуде. Республикалық бюджет қаражатынан 5734,0 мың теңге сомасына субсидия төлеу жоспарланған (79415 теңге отбасының әр мүшесiне) тұрғын үйдi жалдауға 5734,0 мың теңге. Осы уақытта аудан ауылдарында тұрғын үйлер барлығы туралы (60 тұрғын үй) және бос жұмыс орындары туралы (103 бiрлiк) мәлiметтер құрылған.

26.05.2017 16:47

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика