Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Аққайың ауданы әкімінің аппараты ережесі

Аққайың ауданы әкімінің аппараты ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi — Аппарат) Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. Аппараттың құрылтайшысы және уәкiлеттi органы Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданының әкiмдiгi болып табылады.

3. Аппарат өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметтiң актiлерiне, басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Аппарат мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiлдегi өз атауы бар мөрi мен мөртабаны, белгiлi үлгiдегi бланкiлерi, қазынашылық органдарда шоттары бар.

5. Аппарат азаматтық-құқықтық қарым-қатынасты өз атынан жүргiзедi.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiлiк берiлсе, Аппарат мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынас тарабы ретiнде шығуға құқылы.

7. Аппарат заңнамада белгiленген тәртiпте өз құзыретiндегi мәселелер бойынша Аппарат басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңднамасымен қарастырылған басқа да актiлермен ресiмделген шешiмдердi қабылдайды.

8. Аппараттың құрылымы мен штатық санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

9. Аппараттың орналасқан орны:150300, Қазақстан Республикасы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, Смирново ауылы, Народная көшесi, 50.

10. Аппараттың толық атауы:

  • мемлекеттiк тiлде: «Солтүстiк Қазақстан облысы Аққайың ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;
  • орыс тiлiнде: коммунальное государственное учреждение «Аппарат акима Аккайынского района Северо-Казахстанской области»

11. Осы Ереже Аппараттың құрылтайшы құжаты болып табылады.

12. Аппарат қызметiн қаржыландыру аудандық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

13. Аппаратқа Аппарат қызметi болып табылатын мiндеттердi орындау жөнiнде кәсiпкерлiк субъектiлермен келiсiмдiк қатынастарды жасауға тыйым салынады.

Егер Аппаратқа заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы ұсынылса, ол қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджет кiрiсiне бағытталады.

2. Аппараттың мақсаты мен мәнi, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. Аппараттық мақсат мен мәнi: аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.

15. Мiндеттерi:

  • аудан әкiмiнiң, аудан әкiмдiгiнiң және аудан әкiмi аппаратының құжаттама қызметiн қамтамасыз ету;
  • құжаттармен жұмыс iстеу нысандары мен әдiстерiн жетiлдiру;
  • iс жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн, құжаттармен жұмыс iстеудi ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау және ведомстволық мұрағатқа тапсыруға дайындауды қамтамасыз ету;
  • электрондық құжат айналымы жүйесiн енгiзуге қолдау көрсетiп, құжат айналымының көлемiн қысқарту;
  • басшылық ететiн мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарын даярлау;
  • бюджеттiк саясат, бюджетаралық қарым-қатынас, экономикалық, қаржы және салық саясаты мәселесi бойынша ұсыныстарын даярлау;
  • комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметiн қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Үкiметтiң қаулыларын, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң тапсырмаларын, басшылық ететiн облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң актiлерiн орындауды бақылау, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • аудан әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң, аудан әкiмi орынбасарларының және аппараттың қызметiнде заңнаманы сақтауды қамтамасыз ету;
  • аудан әкiмдiгiнiң, әкiмнiң және аппараттың мүлiктiк, басқа да заңды құқықтары мен мүдделерiн құқықтық құралдармен қорғау;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсiндiру;
  • қылмыс, жемқорлықпен күресу мәселелерi бойынша мемлекеттiк, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды ұйымдастыру, құқықтық тәртiпi мен заңнаманы қолдау;
  • аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiлер және басқа да заңды сиппатағы құжаттар жобасын әзiрлеуге қатысу;
  • нормашығармашылықты жетiлдiру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • аудан әкiмiнiң және әкiмдiктiң қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз ету;
  • қызметтiк жайлар, отырыс залдарын нормативтiк талаптарға сәйкес техникалық жабдықтау;
  • мекеме қызметi және оның мүлiктiк жағдайы туралы толық және расталған ақпаратты қалыптастыру;
  • мекеменiң шаруа операцияларын дұрыс жүзеге асыру мақсатында Аппарат басшысын ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • мүлiк пен мiндеттемелердiң бар болуын және жылжуын есепке алуды, мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламалардың қаржыландыру жоспарына, бекiтiлген нормаларға, нормативтер мен сметаларға сәйкес материалдық және қаржы көздерiн қолдануды, субъект шаруа қызметiнiң қолайсыз нәтижелерiн болдартпауды қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды бақылау үшiн мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттiк бағдарламалардың iс-шаралар жоспарын iске асыруды қамтамасыз ету;
  • жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттануы бойынша жұмыстарын үйлестiру;
  • жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн құру, енгiзу және iске қосу үрдiстерiн үйлестiру;
  • аудан әкiмдiгiнiң, әкiмнiң және Аппараттың қызметiн ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
  • жергiлiктi органдардың өкiлеттi және басқа да мемлекеттiк органдарымен өзара iс-қимылын үйлестiру;
  • мемлекеттiк қызметке арналған кадрлық потенциалды қалыптастыру;
  • Қазақстан Республикасы Президентi және Үкiмет актiлерiн, әкiмдiктiң қаулыларын, жұмыс және басқа да кеңестерде ұсынылған хаттамаларға сәйкес жұмыс сапарлары барысында берiлген аудан әкiмiнiң шешiмдерiн, өкiмдерi мен тапсырмаларын орындауды тексеру және бақылаудың тиiмдi жүйелерiн құрып, ұйымдастыру;
  • атқарушылық тәртiптi нығайту, құжаттың орындалуын бақылау және тексерудi ұйымдастыру iсiнде аудан әкiмi аппараты қызметкерлерiнiң жауапкершiлiгiн арттыру;
  • аудан әкiмiнiң тапсырмаларын орындау үшiн бақылауды ұйымдастыру бойынша нысандарды, ұсыныстарды, әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу;
  • аудан әкiмi мен әкiмдiктiң жұмысын ақпараттық-талдауды қамтамасыз ету;
  • аудан әкiмi мен әкiмдiктiң жұмысын ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
  • ресми делегациялардың сапарлары мен қабылдауын, мерейтойлық iс-шаралар мен кездесулердi даярлау;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк сатып алулардың рәсiмдерiн ұйымдастыру және өткiзiлуiн орындау;
  • выполнение процедур организации и проведения государственных закупок в соответствии с действующим законодательством;
  • жұмылдыру даярлағы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс пен терроризмге қарсы мәселелерi бойынша мемлекеттiк, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды ұйымдастыру;
  • аудан әкiмдiгiнiң, әкiмнiң және аппараттың қызметiн материалдық-техникалық және көлiкпен қамтамасыз ету;
  • Аппарат теңгерiмiндегi ғимараттардың, қондырғылар мен тұрғын үйлердiң ұстауын, күрделi және ағымдағы жөндеудi қамтамасыз ету;
  • аудан әкiмдiгiнiң ғимаратына рұқсат тәртiбiн, мүлiктiң сақталуын, аумақты абаттандыру және көгалдандыруға байланысты iс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

16. Фунциялары:

  • Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттiң Жарлықтарын, Үкiмет пен әкiмдiктiң Қаулыларын, аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн орындауды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiлерi жобаларының заңнама талаптарына сәйкестiгiн тексеру, нормошығармашылықты жетiлдiру, аудан әкiмi, әкiмнiң орынбасарлары және аудан әкiмi аппараты басшысының басқару қызметiн заңды қамтамасыз ету;
  • аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң нормативтiк құқықтық актiлерi жобасын әзiрлеу;
  • аудан әкiмiнiң аудандық мәслихатпен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
  • аудан әкiмдiгiнiң және әкiмнiң актiлерiнiң орындалуын бақылау;
  • Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiн, Қазақстан Республикасы Заңдарын, Президент Жарлықтары мен Үкiмет Қаулыларын дамытуға қабылданған талаптарға сәйкес кадрлық жұмысты жүргiзу. Саяси және әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлердi бос лауазымды орындарға тағайындау және орнын ауыстыруға ұсыну келiсiмдерi жөнiнде ұсыныстарды дайындау;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттiк марапаттарымен, Құрмет грамоталарымен, облыс және аудан әкiмiнiң алғыстарымен марапаттауға ұсыну үшiн сәйкес құжаттарды дайындау, марапаттау құжаттарын рәсiмдеу, марапатталғандар туралы мәлiметтер қорын қалыптастыру;
  • қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртiп пен заңнаманы сақтау мәселелерi жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдар мен құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылын қамтамасыз ету;
  • аудан әкiмiнiң қызметiн қаржы-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жалпыға ортақ әскери мiндеттi атқару шеңберiнде, аудан ауқымында төтенше жағдайларды болдыртпау және жоюды, аудан ауқымында дала өрттерiнiң, сонымен қатар, мемлекеттiк өртке қарсы қызметiнiң органдары құрылмаған елдi мекендердегi өрттердiң алдын алу және сөндiру бойынша iс-шараларды атқару;
  • еңбек және демалыс үшiн қолайлы әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларды жасау;
  • нормативтiк талаптарға сәйкес қызметтiк кабинеттер, мәжiлiс залдарын техникалық жабдықтау;
  • мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды, құпия iс жүргiзудi сақтау үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету;
  • үкiметтiк және шетел ресми делегацияларына, мемлекеттiң жоғары лауазымды тұлғаларына, олардың қатысуымен iс шараларға қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
  • ауданның атқарушы органдарымен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер сапасының мониторингi;
  • қызметтiк құжаттар мен азаматтардың өтiнiштерiн есепке алуды жүргiзу және қарастыру, оларды қабылдауды ұйымдастыру, олардың өтiнiштерi бойынша талдау жүргiзу;
  • аудан әкiмдiгi және әкiммен шығарылған актiлердi есепке алу және тiркеу;
  • жұмылдыру дайындығы, мобилизация, аумақтық қорғаныс пен терроризмге қарсы саласында iс-шараларды өткiзу;
  • электрондық қызмет және электрондық үкiметтi дамыту;
  • аудан әкiмдiгiнiң мәжiлiсi, ауданның ауылдық округтер халқымен есептi кездесулер, селекторлық, жұмыс кеңестер және жұмыс сапары барысында берiлген аудан әкiмiнiң тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
  • «АХАТ тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесiне азаматтық хал актiлерi туралы енгiзiлген мәлiметтердiң сапалылығын қамтамасыз ету;
  • азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк стандарттармен бекiтiлген мерзiмдерде тiркеу;
  • ТАӘ ауыстыру бойынша материалға құжаттардың жиналуын қамтамасыз ету;
  • азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеу бойынша қайталай куәлiк, анықтама беру, азаматтық хал актiлерiнiң жазбалары жоқтығы туралы анықтама беру;
  • азаматтық хал актiлерiн мемлекеттiк тiркеуге қатысты басқа да құзыреттi жүзеге асыру;
  • организация конкурсов на замещение вакантных административных должностей государственных служащих;
  • осуществление иных полномочий, связанные с государственной регистрацией актов гражданского состояния.

17. Құқытары мен мiндеттерi:

  • аудан әкiмi аппаратының құзыретiне жататын мәселелер жөнiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу;
  • ауданның атқарушы органдары, ауылдық округ әкiмдерiнен олардың қызметi бойынша, жекелеген лауазымды тұлғалардың қызметi бойынша қажеттi құжаттар, ақпарат, түсiндiрмелер сұрауға және алуға, Аппарат құзыретiне кiретiн тапсырмалар беруге, аудан әкiмi және әкiмдiгiнiң құзырына кiретiн мәселелердi шешуде ауданның атқарушы органдарының қызметкерлерiн тарту;
  • аудан әкiмдiгi және мәслихаттың отырыстарына, аудандық, аумақтық және басқа да атқару органдарының алқа отырыстарына қатысу;
  • Аппаратқа жүктелген мiндеттер мен қызметтердi орындау.

3. Аппарат қызметiн ұйымдастыру

18. Аппаратқа басшылық Аппаратқа жүктелген мiндеттердi орындауға және өз қызметiн жүзеге асыруға дербес жауапкершiлiктi жүргiзетiн басшымен асырылады.

19. Аппарат басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

20. Аппарат басшысы тiкелей аудан әкiмiне бағынады және оның басшылығында жұмыс iстейдi.

21. Аппарат басшысының өкiлеттiктерi мен мiндеттерi:

  • аудан әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басшылық етедi, аппаратқа жүктелген қызметтер мен мiндеттердi орындауға дербес жауапты жүргiзедi;
  • еркектер және әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi жөнiндегi заңнаманы сақтауды қамтамасыз етедi;
  • Аппарат қызметкерлерiмен жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға дербес жауапкершiлiктi жүргiзедi;
  • Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара iс-қимылын үйлестiредi;
  • аудан әкiмдiгiне Аппарат туралы Ереженi, құрылымы мен штаттық санының лимитiн бекiтуге ұсынады, қосымша ақыларды, еңбектi төлеу қорының үнемделуi шегiнде мемлекеттiк қызметкерлердi материалдық көтермелеудi (сыйақыларды) белгiлейдi;
  • Аппарат құзыретiнiң шегiнде қызметтiк құжаттамаға қол қояды;
  • аудан әкiмi аппаратында iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;
  • аудан әкiмiне штаттық кестенi бекiтуге ұсынады;
  • аудан әкiмдiгi мен әкiмнiң қарастыруына нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын және басқа да құжаттарды келiседi және ұсынады;
  • аудан әкiмiнiң сәйкестi орынбасарларымен келiскеннен кейiн Аппарат құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;
  • Аппараттың iшкi бақылау қызметiнiң бақылау iс-шаралары жоспарын бекiтедi;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес Аппараттың қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады;
  • Аппарат шығындарының сметасын бекiтедi, бюджетпен қарастырылған қаржы құралдарын басқарады;
  • Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға бiлiктiлiк талаптары жинағын бекiтедi;
  • аудан әкiмiне Аппараттың келешектегi жоспары және ағымды жұмысын ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
  • жеке құрам бойынша бұйрықтарды шығарады, Аппарат қызметкерлерiн iссапарларға бағыттайды;
  • мемлекеттiк қызметкерлердiң оқуын, даярлауын, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етедi;
  • Аппаратты мемлекеттiк органдарда, басқа ұйымдарда ұсынады;
  • аудан әкiмiмен жүктелген басқа да қызметтердi жүзеге асырады.

Аппарат басшысының өкiлеттiктерiн орындау ол болмаған кезде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оның орнын басатын тұлғамен жүзеге асырылады.

22. Аппарат құрылымын басшы, құрылымдық бөлiмшелер (бөлiмдер), Аппараттың басқа да лауазымды тұлғалары құрайды.

23. Құрылымдық бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен қарастырылған тәртiпте аудан әкiмiмен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын.

24. Аппарат қызметкерлерi аудан әкiмiмен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын Аппараттың әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметкерлерi болып табылады.

25. Әкiмдiктiң, аудан әкiмi және Аппараттың материалдық-техникалық, шаруашылық-тұрмыстық қамтылуы қаржы-шаруашылық жөнiндегi құрылымдық бөлiмшемен жүзеге асырылады.

26. Аппарат қызметкерлерiнiң еңбек ақысының шарттары және табысының мөлшерi Қазақстан Республикасы еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы заңнамаларға сәйкес анықталады.

27. Зейнеткерлiк жасқа жеткен Аппарат қызметкерлерiнiң зейнеттiк қамтамасыз етiлуi мемлекеттiк қызмет және зейнеттiк қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Аппараттың мүлкi

28. Аппараттың Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оңашаланған мүлкi болуы мүмкiн.

Аппараттың мүлкi оған құрылтайшы тапсырған, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

29. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

30. Аппараттың бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша берiлген қаражат есебiнен алынған мүлiктi, егер басқасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленбесе өздiгiнен иесiздендiруге немесе басқаша әдiспен билiк жүргiзуге құқығы жоқ.

5. Аппаратты қайта құру және тарату

31. Аппаратты қайта құру (бiрiгу, қосылу, тұтастыру, бөлу, қайта құру) және тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

32. Таратылғаннан кейiн Аппараттың мүлiгiн реттеу Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.

33. Аппарат ережесiне өзгерiстер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаға сәйкес жүргiзiледi.

34. Аппараттың филиалдары мен өкiлеттiктерi жоқ.

6. Аппараттағы жұмыс тәртiбi мен өзара қарым-қатынастар

35. Аппарат және уәкiлеттi орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес анықталады және үйлестiрiледi.

36. Аппарат әкiмшiлiгi және оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамасына сәйкес анықталады.

37. Аппараттың жұмыс уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейiн, аптасына бес күн, демалыс күндерi кесте бойынша, түскi үзiлiс — 13:00-дан 14.30-ге дейiн.

02.06.2017 10:57

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика