Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Қазақстандағы жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентiне мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуы жөнiнде есеп бердi

Жаңалықтар 18.04.2017

ҚазАқпарат — Елбасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Бақытжан Сағынтаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметi. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты жолдауды iске асыру бағытында Үкiметтiң атқарып жатқан жұмысы туралы есеп берiлдi, сондай-ақ 2017 жылғы бiрiншi тоқсанның қорытындысы бойынша мемлекеттiк және салалық бағдарламалардың орындалуы жөнiнде мәлiмет ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейiн бекiтiлген даму бағдарламаларын iске асырудың маңыздылығын, олардың орындалуына сапалы бақылау жасау қажет екенiн атап өттi.

Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентiне мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуы жөнiнде есеп бердi

— Бiрiншi тоқсанның қорытындысы бойынша елiмiздiң экономикасы 3%-ға өстi. Бұл — бағдарламаларымыздың жүзеге асырылу нәтижесi. Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру қажет және жыл соңына дейiн көрсеткiштердi арттырып, оларды тиiмдi деңгейде сақтап қалу керек. Бұған қажеттi алғышарттар бар, — дедi Қазақстан Президентi.

Сондай-ақ, Елбасы алдағы iс-шаралар жайына тоқталып, оларды ойдағыдай өткiзу үшiн жан-жақты дайындық пен бақылау жүргiзу қажет екенiн айтты.

— Таяуда Қазақстанға Түркiменстан басшылығының сапармен келуi жоспарлануда. Алдымызда Астанада өтетiн Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитi, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi бар. Сонымен қатар, елiмiздiң одан әрi дамуының басты мақсаттары туралы да ұмытпау керек, — дедi Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалада қойылған мiндеттердi iске асырудың маңыздылығын атап өттi. Қазақстан Президентi алдағы жұмыстар аясында Үкiметке жүктелген жауапкершiлiктiң жоғары екенiне тоқталып, бұл үдерiске жұртшылықты, соның iшiнде зиялы қауым, жастар, үкiметтiк емес сектор өкiлдерiн тарту қажет екенiн айтты.

— «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала көп жылдан берi ойда жүрген болатын. Қазiргi уақытта мақалада қойылған мiндеттердi нақты iске асыру жөнiндегi жоспар әзiрленуде. Қаражат қажет ететiн жобалар да бар. Алайда, олардың көбi республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлудi қажет етпейдi, — дедi Елбасы.

Мемлекет басшысы көптеген қазақстандықтардың айтылған бастамаларды қызу қолдап отырғанына назар аударды.

— Күн сайын маған елiмiздiң әр өңiрiндегi жұртшылық өкiлдерiнен мақаладағы ұсынылған шешiмдерге қолдау бiлдiрген көптеген жеделхаттар келiп жатыр. Олардың қатарында түрлi шығармашылық ұжымдар, зиялы қауым өкiлдерi және жастар да бар, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президентi рухани жаңғырудың белгiленген бағыттары бойынша жүргiзiлетiн жұмыстар жоғары сапалы деңгейде орындалуға тиiс екенiн атап өттi. Б. Сағынтаев Елбасыға бiрiншi тоқсанның қорытындысы бойынша қысқа мерзiмдi экономикалық көрсеткiштердiң өсiп келе жатқаны туралы баяндады. Премьер-Министрдiң мәлiметiне сәйкес, өнеркәсiптiң тау-кен саласындағы және қайта өңдеу секторларындағы көрсеткiштер жоғары деңгейге жеттi. Сондай-ақ, Б. Сағынтаев Мемлекет басшысына Үкiмет әкiмдiктермен, iрi холдингтермен және компаниялармен бiрлесiп қолға алған технологиялық жаңғыру жөнiндегi жол картасының әзiрлену барысы туралы мәлiмдедi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика