Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Баспасөз қызметі

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды қауiпсiздiк шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды

Жаңалықтар 24.04.2017

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды қауiпсiздiк шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды

Жедел шатабтың көшпелi кеңесi кезiнде Құмар Ақсақалов БАҚ өкiлдерiн тағы да су тасқыны туралы ақпараттандырды. Сергеев су қоймасында судың ернеуден көтерiлуi 1 метр 90 сантиметрдi құрайды.

«Шал ақын ауданында елдi мекендерге төнiп тұрған ешқандай қауiп жоқ. Есiл ауданында да жағдай тұрақтанды. Қазiр мол су Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласына жеттi. Онда саяжайлар суға кеттi. Бұл — жыл сайын болып тұратын қалыпты жағдай. Штаб күн сайын жұмыс iстеуде, бiз жағдайды бақылауға алып отырмыз», — дедi Құмар Ақсақалов.

Соңғы тәулiктерде 118 адам, оның 90-ы — бала, және 147 бас мал қауiпсiз жерге көшiрiлдi. Заречное ауылында үйлер суға кеткен жоқ. Жекелеген тұрғындар үйлерiн тастап кетуден бас тартуда. Өңiр басшысы дер кезiнде жасалған эвакуация мүлiк пен өмiрдi сақтау үшiн қажет шара екендiгiн атап айтты.

«Петропавл қаласының және Заречный кентiнiң тұрғындарына айтарым: ТЖД қызметкерлерiнiң талабын орындау және жағдайдың қиындауынан сақтану үшiн қауiпсiз жерге бару керек. Тұрғындар соған мүдделi болуға тиiс. Адамдарды, жүктердi және малдарды көшiретiн қажеттi техникалар бар. Бiз мұндай мол суды бұрын-соңды көрген жоқпыз. Сондықтан барлығына дайын болу керек», — дедi өңiр басшысы.

Журналистердiң сауалдарына жауап бере келiп, облыс әкiмi Былғары зауыты маңында қалыптасқан жағдайға тоқталды.

«Өткен жылы 800 метрдей жаңа бөгет тұрғызылды. Ол жұмыс iстеп тұр, қоры да жеткiлiктi. Кеше бiз судың ескi бөгетке тақалғаны жөнiнде хабар алдық. Қазiр одан су асып кетпес үшiн, оны нығайту, яғни биiктету жұмысымен айналысып жатырмыз. Бұл жұмыспен кеше, түнде және бүгiн шұғылданудамыз. Тағы бiр метрдей көтеруiмiз керек», — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Рузаевка ауылындағы жағдайды да айтып өттi. Онда 12 тұрғын үй зардап шектi. Өткен демалыс күнi онда сенбiлiк ұйымдастырылды.

«Рузаевка ауылындағы сенбiлiкке қоғамдық ұйымдардан, жастардан және қайғылы жағдайға бейтарап қарай алмайтын жандардан 400-дей адам қатысты. Бiр азамат ауруханада екен, оған барып халiн сұрадық. Әрине, жүрегi ауырғандықтан. Оған қажеттi ем-дом қолданылыпты. Тұрғын үйлердi облыстық бюджет пен қайырымдылық қаражаты есебiнен орнына келтiремiз. Мысалы, техника бюджеттен тыс қаражат есебiнен, яғни демеушiлердiң көмегiмен қалпына келтiрiледi», — дедi облыс әкiмi.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғындарды қауiпсiздiк шараларына немқұрайлы қарамауға шақырды

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика