Рус | Қаз Домашняя страница Обратная связь Карта сайта

RSS 

Подписаться на новости




Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Григорьевка селолық округ әкiмiнiң есеп беру баяндамасы

«Селолық округтiң 2009 жылы әлеуметтiк–экономикалық дамуы туралы» Григорьевка селолық округ әкiмiнiң есептi баяндамасы

Өткен 2009 жыл дағдарыс жағдайда Республиканың әрi қарай дамуын айқындайтын өқиғаларымен атап өтiлдi. Президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» 2009 жылғы 6 наурыздағы Жолдауы Республика Үкiметi, мемлекеттiк орган басшылары, барлық деңгейдегi әкiмдер және әрбiр казақстандықтың дағдарыстан шығу бағдарламасы болып табылды.

Дағдарыстан шығу шаралар жоспарын жүзеге асыру барлық аппарат жұмысының жолдамасы болды. Бiрiншiден, ол жұмыссыз деңгейiн төмендету, азаматтарды жұмысқа орналастыру, халықты жұмыспен қамту мәселесiн шешу, Жол картасының шеңберiнде кадрларды қайта даярлау.

2009 жылы №3 кәсiптiк лицейге қайта даярлауға «Е» дәреже жүргiзушi, ауыл шаруашылық өндiрiстiң тракторшы, «В» дәреже жүргiзушi мамандықтар бойынша 7 адам жiберiлдi. Одан басқа, 2009 жылы аудандық аудандық жұмыспен қамту бөлiмiнiң жолдамасы бойынша «шаштараз» мамандығы жөнiнде 1 адам қайта даярлаудан өттi. №3 кәсiптiк лицейдiң 5 түлегi жастар iс-тәжiрибесiне жолданды: «Смирновское» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiне — 2 түлек, «Леонов П.Я.» шаруа қожалығына — 2 түлек, «Ерастов А.Н.» шаруа қожалығына — 1 түлек.

Ресми тiркелген жұмыссыздардың саны 4 адам. Ағымдағы жылдың iшiнде кедейлiк және жұмыссыздар деңгейiн экономикалық өрлеу үшiн жағдай жасау жолымен азаматтарын қолдау, азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша, бiрiншi кезекпен аз қамтамасыз етiлген отбасылардың арасынан. 89 адам жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде 57 тұрақты жұмысқа орындарына. Халықтың әлеуметтiк осал топтарын жұмыспен қамту мақсатында, округта ақылы қоғамдық жұмыстары ұйымдастырылды. Оған 19 адам қатысты. Оларға төлеген еңбек ақының сомасы 484315 теңге. Жұмыссыздар күшiмен ауылдарды көрiктендiру, санитарлық тазалау және жолдарда шұңқырлық жөндеу жасау жөнiнде жұмыстар өткiзiлдi.

Селолық округта 172 зейнеткер, 52 мүгедек, 18 еңбек ардагерi, 7 ана «Алтын алқа» иегерi тұрып жатыр. Аз қамтамасыз етiлген отбасыларының саны — 7 адам. Қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау жөнiнде айлығын өткiзу шеңберiнде округтiң шаруашылық субъектiлерiмен зейнеткерлер мен мүгедектерге 381400 теңге сомасында әр түрлi қайырымдылық көмек көрсетiлдi.

Ағымдағы жылы азық-түлiктiң қымбаттағанына байланысты, әлеуметтiк көмек 16 отбасына 226701 теңге сомасында төлендi.

18 жасқа дейiн балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы 28 отбасына 213840 теңге сомасында төлендi.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 7 отбасына 114.057 теңге сомасында төлендi.

Округ әкiмiнiң аппараты 2009 жылғы жергiлiктi салық жинау жоспарды толық орындады. Мүлiк салықтың жинау жоспары 100% орындалды, 99.000 теңге жиналды. Жер салықтың жинау жоспары 107% орындалды, 200.000 теңге жоспарда 214.000 теңге жиналды. Көлiк салықтың жинау жоспары 134% орындалды, 441.000 теңге жоспарда 580.000 теңге жиналды.

Округ аумағындағы 34 шаруа қожалықтың негiзгi бағыты дәндiк дақылдар өсiру. Округ шаруашылық субъектiлерiнiң арасында 2009 жылы 17140 гектар егiстiкте орта өнiмдiлiгi 17 ц/га құрады. Ең iрi «Леонов Я.П.» шаруа қожалығы, ол өсiмдiктен басқа iрi қара малмен айналысады, шошқа ұстайды. Шаруашылықта iрi қара мал басы — 1100, шошқа — 380 бас, 42 жылқы. 2009 жылы «Леонов П.Я.» шаруа қожалығы iрi қара малды ұстау және мал басын көбейту мақсатында мал тұратын орындарды жаңартуға бастады. 2010 жылы ол жұмыстардың аяқталуы жоспарда және болашақта сүт өнiмдерiн ұйымдастыруды белгiленуде. Өткен жылы шаруашылық екi жаңа техника сатып алды: екi жаңа комбайн «Нива» және МТЗ-82 трактор.

«Смирновское» ЖШС егiстiктен басқа қаз өсiрумен айналысады (директоры Пащенко А.М.). Қаз саны 7500 бас. 2009 жылы «Смирновское» ЖШС халыққа 29000 қаз балапанын сатты, ол аудан және округ тұрғындарының шаруа қожалықтарын құспен қамтамасыз етедi.

Округтiң бiлiм саласын Совет орта мектебi, Көктерек және Куйбышев бастауыш мектептерi құрады. Мектеп оқушыларының саны — 169 оқушы. Бастауыш мектептерi жазғы кезеңде ағымды жөндеу жасады, Совет орта мектебiнде шатырдың күрделi жөнделуi жасалды, жалпы көлемi 1076 т.м. Интернатта жартылай терезе ауыстырылды. Мектептiң оқыту жабдығы мультимедиялық бөлмемен толықтырылды. Шаруашылық субъектiлердiң қолдауымен Совет орта мектебiнде 72 т.м. көлемiнде жылыжай қалпына келтiрiлдi. Өкiнiшке орай, Григорьевка бастауыш мектебi жабылып қалды. Григорьевка мектебi оқушыларының көбi Совет орта мектебiнiң интернатында оқуды жалғастырады.

Округтiң үш елдi мекенiнде — Көктерек ауылында, Қанжығалы ауылында, Григорьевка селосында медициналық пункттер iстейдi, Трудовое селосында Григорьевка дәрiгерлiк амбулаториясы бар. Барлық денсаулық сақтау объектiлерi медициналық кадрлармен жабдықталған, округтiң медициналық жұмысшылары халық арасында үлкен санитарлық-ағартушылық жұмыстар, үлкендер мен балалардың денсаулығын байқайды. Халықпен белсендi жұмыс жасау нәтижесiнде флюроқарау жоспары 100% орындалды, 922 адам қарау жоспарында — флюроқараудан 1046 адам өттi. Григорьевка дәрiгерлiк амбулаториясы 2009 жылы жаңа автокөлiк алды. 2009 жылы 18 сәби дүниеге келдi, 17 адам қайтыс болды.

Ағымдағы жылда округта барлық ветеринариялық шаралар жасалды, халықтың жеке малы ұдайы жоспарлаған ветеринариялық қараудан өтедi. Мал ауруды алдын алу, малды емдеумен мал-дәрiгер лицензиат айналысады.

Қайта өндеу өнеркәсiп құрылымынан округта диiрмен бар. Жеке кәсiпкер Бимағамбетов С.Т. халыққа ұн үгу қызмет етедi, жылында ол шамасында 30 тонна ұн шығарады.

Трудовое селосында 5 дүкен iстейдi, Григорьевка селосында Третьякова Н. сауда жасайды.

Аудан және округ әкiмдерiнiң округ халқымен есептi кезiнде Көктерек, Қанжығалы ауылдарында дүкен ашу жөнiнде тапсырыс берiлдi. Қазiргi уақытта апта сайын жеке кәсiпкелердiң бiреуiмен Қанжығалы аулына ең қажеттi тауарларды апарып сату саудасы ұйымдастырылды. Көктерек ауылында ауыл тұрғынына В.В. Каптюгқа сауда жасау үшiн вагон орнату, оны жабдықтау жөнiнде көмек көрсетiлдi. Көктерек ауылы тұрғындарының дүкен ашу мәселесi жөнiндегi тапсырмасының толық орындалуы В.В. Каптюгтiң қаражатына байланысты кешiгiп жатыр.

Трудовое, Қанжығалы ауылдарында орталандырылған су жабдықтыру жүйесi бар. Трудовое селосын су жабдықтырумен «Смирновское» ЖШС айналысады. Селода су су тарату жүйесiмен келедi. Су құбырының ұзындығы 8 км . Одан басқа, селода 3 қоғамдық құдық бар. Аудан және округ әкiмдерiнiң есептi кездесуiнде ауылды сумен жабдықтыруды жақсарту мәселесi көтерiлдi.

Сумен жабдықтауды жақсарту мақсатында «Смирновское» ЖШС 2009 жылдың 8 шiлдесiнен бастап сатылатын судың көлемi екi есе көтерiлдi, су тарату колонкалардың жұмысы жақсарды. Бiрақ, су тарату құбырларының ескi болып қалғанына байланысты Коммунистическая, Приозерная, Строительная көшелерiне су аз келедi.

Қанжығалы ауылында су сату пунктi ұйымдастырылды. Григорьевка мен Көктерек ауылдарының тұрғындары құдықтардан сумен қамтамасыз етiледi: 2 қоғамдық, 2 жеке құдық және 16 скважина бар. Көктерек ауылын сумен жабдықтау мәселесi шешiлiп жатыр. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып бекiтiлдi, 2010 жылы су тарату жүйесiн қалпына келтiру жұмыстары басталады.

Трудовое селосында кiтапхана қызмет етедi, кiтап қоры 7539 дана жалпы сомасы 153348 теңге. 2009 жылы кiтапхана 168 жаңа басылым алды, 141 газет пен журнал, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде 138 дана. Өткен жылы селолық клубты күрделi жөндеу үшiн жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

Жылдың iшiнде шаруашылық субъектiлер басшыларының арасында округ ауылдары көшелерiн жарықтандыруды ұйымдастыру жұмыстары өткiзiлдi. Өткен кезеңде 5 шам орнатылды, 4 көше жарықтандырылды, «Смирновское» ЖШС, «Санта Мария» ЖШС өндiрiстiк учаскелерi, дүкен аумақтары. Бұл жұмысты жалғастыру жоспарда.

Көктемгi-жазғы кезеңде округ ауылдарын көрiктендiру жөнiнде ақылы қоғамдық жұмыстарында жүрген жұмысшылармен жұмыстар жасалды. Иттердi аулау үшiн жергiлiктi бюджеттен 25.000 теңге бөлiндi. Селолық жолдарды шұңқырлық жөндеу жасалды, ҰОС қаза тапқан жерлесерге арналған Трудовое селосындағы ескерткiш және ауылдарда обелисктер жөнделдi. Көшелерде, өндiрiстiк объектiлердiң аумақтарында, үйлердiң жандары қоқымнан тазаланды. Екi қабатты бұзылған үйлердiң аумақтарын тазалау жөнiнде жұмыстар жасалды, Трудовое — Григорьевка бағыты бойынша жолдар тегiстелдi. Апта сайын, бейсенбi күндерi, округта санитарлық күн өтедi.

Трудовое селосында «Смирновское» ЖШС ұйымдастырылған қоғамдық монша салу жөнiнде мәселесi шешiлдi. Ол қызмет етудi 2010 жылдың қаңтар айында бастайды.

Әкiм және әкiм аппартының 2010 жылға негiзгi бағыты округта кәсiпкерлiктi, әлеуметтiк саланы дамыту, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселенi шешу, азаматтардың өмiр деңгейiн жақсарту.

Григорьевка селолық округiнiң әкiмi
М. Аңдамасов


www.akorda.kz
www.e.gov.kz
Парламент Республики Казахстан

www.inform.kz

С дипломомом в село

Аққайың ауданы әкiмiнiң ресми сайты