Аққайың ауданы әкiмiнiң
халық алдындағы есептi баяндамасы
Ауыл тұрмысының көтерiлуi — елдiң гүлденуi
Құрметтi жерлестер!
Өткен 2009 жыл бiздiң мемлекетiмiздiң өмiрiндегi маңызды жыл болды. Бұл жыл бiздiң егемендi елiмiз — Қазақстан Республикасына көптеген жаңа жетiстiктер мен жеңiстер әкелдi.
Әлем жұртшылығының аузындағы сөз Қазақстанның алға суырыла шығып экономиканы дамытуға бағытталған стратегиялық бағытты iске асырудағы табысы болды.
Өз экономикасы мен мемлекеттiлiгiнiң берiк iргетасын қалаған Қазақстан жаңа кезеңге сенiмдi қадам басуда. Ел дамуының негiзi болып әрқашан әрбiр қазақстандықтың тұрмыс жағдайының жоғарылауы болып қала бередi.
Тек қана дербес, мықты және демократиялық мемлекет қана жекелеген ұлттың ғана емес, оның әрбiр өкiлiнiң кепiлi бола алатындығын бүгiнгi күнi жұрттың барлығы түсiндi.
Тәуелсiздiк жолы тар да қиын. Қазақстан әлемдiк экономика жүйесiне енгендiктен, оның ғаламдық қаржы-экономикалық күйзелiстен шет қала алмайтыны түсiнiктi.
Бүгiнгi күнi дағдарыс көптеген елдердiң экономикасын күйзелткен шақта, Қазақстан әлемде алғашқылардың бiрi болып жүйелi жауап берiп, мемлекеттiң дағдарыс кезiнде қандай саясат ұстанатынын айтып бердi. Бүгiнгi күнi әлемнiң көптеген елдерiнде әлi де болса дағдарысқа қарсы түсiнiктi бағдарлама жоқ. Көбiне, мемлекеттердiң қолданып отырған шаралары жергiлiктi сипатта.
Бiздiң республикамыз осы жағдайда басқаларынан батыл әрi көреген бола бiлдi. Қазақстан Республикасының Үкiметi дағдарыстың керi әсерiн жою үшiн экономикалық және қаржылық секторларды тұрақтандырудың 2009-2010 жылдарға арналған iс-қимыл жоспарын бекiттi.
Жоспарда мынадай негiзгi басымдықтар айқындалды: қаржылық секторда тұрақтандыру, жылжымайтын мүлiк нарығындағы мәселелердi шешу, агроөнеркәсiптiк кешендi ынталандыру, жаңашыл жобаларды , индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру.
Бұдан басқа, дағдарыстық жағдайға қарамастан ел басшылығы iлгерi қиянға көз салып, инфрақұрылымға көптеген ақшалай қаржы салуға мүдделi. Үкiмет жаңа жолдар, электр тораптары, ауруханалар мен мектептер салуды жоспарлауда.
Бұл өзгерiстер бiздiң облысымызға да тән.
Ең алдымен өткен жыл бiздiң өңiрiмiзге арнайы келген ел Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Солтүстiк Қазақстан облысының дамуына берген жоғары бағасымен айшықталды.
Қазiр бiздiң облысымыз қауырт дамыған аумақтар тобына енiп, ел экономикасында маңызды орын алады. Ол iшкi және сыртқы рыноктарды дәндi дақылдармен жабдықтаушы iрi өңiр бола отырып, жалпы республикалық астық өндiрудiң ширегiнен астамын қамтамасыз етедi. Астық өндiру экономикалық мамандануды айқындап, өңiрге құйылатын негiзгi инвестицияларды ынталандырып, көп реттерде бюджеттiк жағдайға, аграрлық сектордың әлеуметтiк және өндiрiстiк инфрақұрылымына оң әсерiн тигiзедi.
Өңiрдiң әлеуметтiк экономикалық қауырт дамуы шағын бизнестi қаржыландыру көлемiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Инфляцияны ауыздықтауға тиiмдi шаралар қолданылуда.
Өңiрде жүргiзiлiп жатқан жұмыстар көрсеткенiндей, Президенттiң бәсекелестiкке қабiлеттiлiктi қамтамасыз етуге алған бағыты табысты iске асырылуда.
Бұл және басқа да оң өзгерiстер бiздiң ауданымыздың да дамуына әсерiн тигiздi.
Президенттiң Қазақстан халқына 2009 жылғы 6 наурызда арнаған Дағдарыстан — жаңару мен дамуға Жолдаун iске асыру мақсатында Жол картасы бағдарламасы әзiрленiп, соған сәйкес ауданымызға 147 миллион 538 мың теңге бөлiнiп, олар мына бағыттарға; тұрғын ұй — коммуналдық шаруашылықты жөндеу мен қайта құруға 1 жоба 13 млн. 522 мың теңге сомасына; жолдарды ағымдық жөндеуге 37 млн. 400 мың теңге сомасына; мектеп, аурухана және басқа да әлеуметтiк нысандарды жөндеу мен жылытуға 3 жоба жалпы сомасы 62 млн. 312 мың теңге; әлеуметтiк нысандарды жөнлеу 2 жоба жалпы сомасы 12 млн. теңге (мәдениет нысандары) жұмсалды. Барлық жобалар бойынша жұмыстар аяқталды.
Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен 2009-2010 жылдарға арналған экономика мен қаржылық секторды тұрақтандыру жоспарын iске асыру мақсатында ауданымызда iс қимыл жоспары жасалып, онда негiзгi бағыттар айқындалды: қаржылық секторды тұрақтандыру, жылжымайтын мүлiк рыногындағы мәселелердi шешу, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту, халықты әлеуметтiк қорғау. Қаржылық дағдарыс туғызған үдерiстердi тұрақтандыру бойынша жұмыс тобының құрамы бекiтiлдi. Аудан бойынша iс-қимыл жоспарын орындау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырады.
Өткен жылы бюджеттiң кiрiс бөлiгiн орындау 1 млрд. 749 млн. 35 мың теңгенi құрап, жоспар 100,1 пайызға орындалды. Өзiндiк кiрiстiң бекiтiлген жылдық болжамы 17 млн. 753 мың теңгеге асыра орындалды. Өзiндiк кiрiстiн түсiм бөлiгi 228 млн. 613 мың теңге сомасын құрап, түсiм 2008 жылмен салыстырғанда 14 пайызға немесе 28 млн. теңгеден артық сомаға орындалды. Салық бойынша бекiтiлген болжамның асыра орындалуы 16 млн. 841 мың теңгенi құрап, бұл сома 2009 қаржылық жылдың бюджетiн орындау үдерiсiндегi ауданның алғашқы кезектегi мұқтажына бағытталып, қалған 912 мың теңге 2010 жылдың 1 қаңтары жағдайына бос қалдықты құрады.
Бюджеттiң шығыс бөлiгi 99,99 пайызға орындалып, 1 млрд. 760 млн. 669 мың теңге сомасы игерiлдi. Жұмсау құрылымында:
- ең үлкен сыбағалы салмағы — 47,7 пайызын бiлiм саласы құрап, бұл бағытта 840 млн. 160 мың теңге игерiлдi.
Бұл қаржылар аудан мектептерiн күрделi жөндеуден өткiзуге — 55 млн. 933 мың теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға, оқу кабинеттерiн интерактивтi тақталармен жабдықтауға 30 млн. 757 мың теңге жұмсалды.
- инвестициялық жобаларды iске асыруға, атап айтқанда Смирново және Қиялы ауылдарындағы су тарату торабын қайта құруға және Булаев топтық су құбырын қайта жөндеуге аудан бойынша 539 млн. 137 мың теңге жұмсалды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламаларға бюджеттiң 5 пайызы бағытталып, ол 95 млн. 723 мың теңгенi құрады.
Мәдениетке, спортқа және ақпараттық кеңiстiкке 53 млн. 485 мың теңге бөлiндi.
Тұрғын үй — коммуналдық шаруашылық саласындағы ауданның бюджеттiк шығыны 43 млн 716 мың теңге болды.
Жер ресурстары ауданның экономикалық және әлеуметтiк аман-есендiгiнiң негiзi, ауданның аграрлық секторы өзiнiң дамуын осыған негiздейдi. Аудан экономикасы құрылымында жаппай кiрiстiң 97 пайызы аграрлық сектордың үлесiне тиедi.
Ауданда 265 агроқұрылымдар қызмет етедi, соның iшiнде меншiктiң заңды нысанымен 44 ауылшаруашылық кәсiпорындар және 221 шаруа қожалықтары (соның iшiнде ЖС — 51). Жыл басымен салыстырғанда ШҚ саны 4 кемiдi.
Ауыл шаруашылығының 2009 жылғы қаңтар-қараша аралығындағы өндiрiлген жалпы өнiм көлемi 12 млрд. 879 млн. теңгеге жетiп, өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда өсiм 9,6 пайызды құрады.
Өсiмдiк шаруашылығы аудан ауыл шаруашылығының жетекшi саласы болып табылады, ол жалпы өнiмi құрылымыныңда 76% артығын құрайды.
2009 жылы ауданның барлық егiс көлемi болжам бойынша — 238 мың гектарды құрады (жоспар бойынша 207,3). Дәндi дақылдар 186,4 мың гектар жерге егiлдi.
Егiс алқаптарын ұлғайту 18,4% жоспарланған, соның iшiнде бидай егiстiгi 1,8%, бункерлi салмақпен есептегендегi дәндi дақылдардың жаппай өнiмi 356 мың 400 тоннаға жетiп, гектар берекелiлiгi 19,1 центнерге жеттi.
Ауданда «Ауыл шаруашылық тәжiрибе станциясы» ЖШС, Полтавский ЖШС, «Дайындык» ЖШС, аудандастырылған жоғары сапалы тұқым өнiмдерiмен шаруашылықтарды қамтамасыз етедi. 2009 жылы элиталық тұқым шаруашылықтары 4284 тонна элиталық дәндi дақылдар тұқымын өндiрдi.
Егiн шаруашылығын жүргiзу, сақтау және топырақ құнарлылығын арттыру үшiн мемлекет тарапынан бөлiнген фитосанитарлық және эпизоотиялық жайлылықты қамтамасыз ету қаржыларын, элиталық тұқымдардың бағасын арзандату, ЖЖМ-ға бөлiнген субсидиялар, минерал тыңайтқыштар, гербицидтер және басқа да тауар-материалдық құндылықтарды пайдалануға 202,7 млн. теңге бөлiндi.
Негiзгi фактордың бiрi болып шаруашылығың өндiрiсiнiң қарышты дамуы және оның индустриализацияландының агроөндiрiстек кешендi техникалық қамтамасыздандыруы болып табылады. Осыған сәйкес , ауданда агроөндiрiсi кешенiң техникалық қайта жарақтандыру бағдарламасы жақсы жолға қойылған.
Бағдарламаға сәйкес техниканы жаңарту «КазАгроФинанс» АҚ арқылы лизинг бойынша жүргiзiледi. Тракторлар, комбайндар, ауыл шаруашылық құралдарың -689,0 млн. теңге- 47 бiрлiк сатып алынды. Бұл егiн жинайтын комбайн «Нива»-4 бiрлiк, егiн жинайтын комбайн «Акрос» -6 бiрлiк, егiн жинайтын комбайн «Вектор»-11 бiрлiк,егiн жинайтын комбайын «ДжонДир»-2 бiрлiк, жоғары өнiмдi егiстiк кешендер -2 бiрлiк, тракторлар-9 бiрлiк.
Аграрлық сектордың жұмыс нәтижесiнiң көрсеткiшi болып табылатын инвестор- фирмалар ғана емес, қосалқы шаруашылық, дербес агро қалыптастыру шаруашылығы жаңа замандағы техниканы сатып алады.
Материалдық құндылық тауарлардың бағаларын томендету және ЖЖМ бағасын төмендетуiне ауданның агроөнiркәсiп кешенiң мемлекеттiк қолдауына (167 шаруашылық) 95,7 млн.тенге сомада көмек көрсетiлдi.
Мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы динамикалық түрде дамып келедi, малшаруашылық өнiмдерiнiң өндiрiсi, мал мен құс басы көбейiп келедi.
Ауданда өсiмдiк шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын дамытып келе жатқан, iрi қара мал басының жалпы саны 6,2 мың басты құрайтын 5 орта және iрi шаруашылықтар бар — «Черкасское» ЖШС, «Полтавское» ЖШС, «Салют» ЖШС, «Сельскохозяйственная Опытная станция» ЖШС, «Леонов» Ш/Қ.
2008 жылы «Астраханское» ЖШС IҚМ 46 бас сатып алды, осы жылы мал шаруашылығын дамуы жоспарланды.
2009-2010 жылғы қыстау кезеңiне мал шаруашылығының мықты азық қоры құрылады, 2009 жылы 1 желтоқсан айының жағдайы бойынша 45 мың тонна шөп дайындалды.
Аудан бойынша мал басының барлық түрлерi өсуi байқалады.
Малдың басым бөлiгi үй шаруашылықтарында екендiгiн атап өткен жөн, IҚМ — 106,9% , шошқа — 106,2%, қой мен ешкi — 100,0 %, жылқы — 99,2%, құс — 108,8 %.
Мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың (ЖШС) үлесiне IҚМ-ның 19,2% ғана келедi. Өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда ЖШС-дегi IҚМ саны 6,0 мың бастан 5,2 мың басқа дейiн қысқарды (өткен жылдын сәйкес кезенiне), үй шаруашылдағылар 19,7 мың бастан 20,6 мың басқа ұлғайды.
Үй шаруашылығында сиырлар жалпы IҚМ санынан алғанда 74,6 %, ЖШС-25,4%. Бұл мал шаруашылығы (үй хайуандарын қоспағанда) ет саласы негiзi болып ұсынылған.
Көлiк қатынасы
Елдi мекендер аудан орталығынан алшақтығы бойынша төмендегiше бөлiнедi: 10 село — алшақтығы 1 км-ден 30 км-ге дейiн;
21 село — 31 км-ден 60 км-ге дейiн; 1 село — 60 км-ден артық (Барыкөл).
Қазiргi кезде бұрыннан бар бағыттар қызмет етедi барлығы -10:
33 селолардың арасынан 10 пункты (Степной, Борки, Лесные Поляны, Қызыл –Жұлдыз, Амангелдi, Кучковка, Сенное, Юное, Барыкуль, Ульго) автобус қатынасы қамтылмаған.Жолаушылар легi аз болғанына байланысты көрсетiлген елдi мекендерiне автобус сапарын ашуына тиiмсiз болады.
Сумен қамту
Ауданда сумен қамтудың негiзгi көзi топтық су құбыры. Ауданның 33 елдi мекенiнiң 28-i топтық су құбырына қосылған, 3 (Безлесное, Сенное, Южное) ұңғыма суын пайдаланады, 2-елдi мекенде (Григорьевка, Қызыл-Жұлдуз) құдық суын пайдаланады. 4 елдi мекендерiнде (Полтавка, Власовка, Шағалалы, Смирново) су тарату жүйесi әрекет етедi.
Аудан аумағынан өтетiн Магистралды су құбырына, ұзындығы 372 км «Есиль СУ» РМК қызмет көрсетедi. Смирново селосында аудандық эксплуатациялық учаскесi -1 маңында жөндеу базасы орналасқан. Су магистралiнде апаттарды жою үшiн арнайы қажеттi техника бар.
Смирново селосында қариялар және мүгедектер үйдiң мұнарасын және су тарату жүйесiн күрделi жөндеуiне «Жол картасына» келiсiлдi қаражаттың сомасы 13,522 мың теңге бөлiндi 1 желтоқсан кассалық орындауы -13,421 мың теңге құрады.
Негiзгi қорға инвестициялар
2009 жылы Аққайың ауданын сумен қамту iс-шаралар жоспары бойынша республикалық бюджет қаражаты есебiнен:
- 108768 мың теңге Смирново селосының су тарату құбаларын қалпына келтiру бойынша жұмыстарды жалғастыруға бөлiндi;
- Булаев су құбырын қайта жаңартуға 393388 мың теңге бөлiндi.
- 36981 мың тенге Қиялы селосының су тарату кұбаларын қалпына келтiру бойынша жұмыстарды жалғастыруға бөлiндi.
2009 жылғы қаңтар — қараша инвестиция көлемi — 1027,3 млн. теңгенi, бұл өткен жылдың сәйкестi кезеңiне 55,1 пайыз құрады. Олардың iшiнде 350,2 млн. — кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен инвестициялар, қарыздық қаражат215,6 млн. теңге.
Лесное дәрiгерлiк емханасының құрылысы жалғастырылды, халық-демократиялық партиясы «Нұр Отан» офисi қайта құрылды (кiреберiс жолы асфальтталды, су құбыры өткiзiлдi,аумағы қоршалды және жатықталды.)
Ауданды электрмен жабдықтау
Аудан елдi мекендерiнiң электр қуатымен қамтылуы — 100%. Ауданда электр қуатын «АКСЕСС-ЭНЕРГО» ЖШС СҚ АЭК Аққайың АЭС жеткiзедi. 12 шағын станция қызмет етедi.
Саланы техникалық қайта жарақтау ауыл аумақтарды дамытудың аудандық бағдарламасы жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
Бiлiм беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектiлерiн жылытатын 37қазандық жұмыс iстейдi, оның: 13 локальды, 23 автономды.
Барлық ауданның бюджеттiк ұйымдары көмiр және сұйық отын бен қамтамасыздаңдырылды, отын даярлауы жалғастырылып жатыр.
Кәсiпкерлiк
2009 жылғы 1 желтоқан жағдайына ОШБ құрылымдарының саны — 666 бiрлiктi құрады, оның iшiнде заңды тұлғалары -32 (әрекет етедi). Оларда 2467 адам жұмысбасты , өткен жылдың сәйкестi кезеңiне өсуi 261 адам құрды.
Қызмет салалары бойынша ең көп ауыл шаруашылығында қамтылған — 1580 адам, немесе барлық қамтылғандардың жалпы санының 54 %; сауда және тұрмыстық қызмет көрсету саласында 840 адам қамтылған, немесе жалпы санның 33 %; қайта өңдеу өнеркәсiбiнде 13 % қамтылған (180 адам).
Шағын бизнес құрылымдарының жалпы санында жеке тұлғалар шаруа қожалықтарының үлесiне 37 %, жалпы тұлғалар –53,8%, заңды тұлғалар — 9,2 %.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiмен товарлар өндiрiлген және кызмет көрсетiлген сомасы 432,2 млн. теңге. Салық жиынтығы мен түсiмi -182,3 млн. теңге.
Онбiр айдың iшiнде 26 жаңа кәсiпкерлiк құрылымы тiркелдi. Ауданның екi өндеу кәсiпорын «Ростан» ЖШС және шұжық цехы «Меденников» ЖК халық аралық жүйесiнiң ИСО-9000 стандарты бойынша әрекет етедi.
«Меденников» ЖК арнайы мұздатқыш көрме машинасы сатып алынды, бұл аудан тұрғындарына селолар бойынша ет өнiмдерiн жүзеге асыру үшi баруға мүмкiндiк туғызады.
Кәсiпкерлiк бөлiмiнiң бақлауында 1 инвестиционналық жобасы 2 млн.теңге соммасына бар, кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасында қарастыруында жатыр.
Ауданда банк жүйесiнiң құрылымы ұсынылған: «Аккайың» ауыл шаруашылық несие серiктестiгi; 14 шағын несие ұйымдары «Смирновская» ШНҰ; «Шолпан» ШНҰ, «Фортуна» ШНҰ; «Қазақстан Халық банкi» АҚ Аққайың ауданды филиалы; «Банк Центр Кредит» филиалы; «Казпошта» АҚ филиалы — Аққайың ПБТ.
2009 жылғы 1 желтоқсан шағын несие ұйымдары берiлген несие 9,9 мың тенге құрады, бұл өткен жылдың сәйкестi кезеңiне бiр екi есе артық.
«Аққайын» селолық несиелi серiктестiгi мен жалпы сомасы 243367 мың теңге несие берiлдi.
Аққайың аудандық пошта байланысының торабына пошта байланысының 12 стационарлық бөлiмшесi енген. Жеке тұлғаларға зейнетақы мен жәрдемақы төленедi, бюджеттiк сала қызметкерлерiне несие берiледi.
«Халық банк» филиалы жалақы есептеу бойынша ауданның 64 ұйымына қызмет көрсетедi, немесе 2129 адам. 1703 адамға пластикалық карточкалар арқылы қызмет көрсетiледi. Бүгiнгi күнi филиалдың 191,9 млн. теңге несие портфелiмен 1348 қарызға алушысы бар. Депозит портфелi 133,2 млн. теңгенi құрайды. Депозиттiң 6 түрi әрекет етедi.
«Банк Центр Кредит» АҚ филиалы ауданның қаржы нарығында салыстырмалы түрде бертiн ғана қызмет көрсете бастады. Бүгiнгi күнi филиал 160 құрылымның (ЖК, ШҚ, ЖШС) шоттарына қызмет көрсетедi. Жалақы жобасы бойынша саны 150 адам төрт ұйымға қызмет көрсетiледi. Тұтынушылық мақсаттарға несиелер бередi. 18,2 млн. теңге несие портфелiмен 190 адам филиал клиентi болды. Портфелi 49 млн. теңгеге жуық депозиттiң 6 түрi (заңды тұлғаларды 9 млн.теңге, жеке тұлғалар 40 млн.теңге) бар.
«Селолық шаруашылығын қолдау қаражат қоры» аймақтық қорымен аудан несиеге -19,6 мың теңге тартылды.
Облыстық орталығында орналасқан сақтандыру серiктiк филиалы сақтандыру агенттер арқылы сақтандыру бойынша қызмет көрсетедi.
Жол картасына» келiсiлдi ауданда 7 жобалар қосымшасы 224 жұмыс орын құрылуы жоспарланды, 2009 жылдың 1 желтоқсан айының жағдайы бойынша уәкiлеттi орғанымен жұмыс көлемiн орындау үшiн -224 жұмыссыз адам жiберiлдi.
Жоспарланған жобасынан басқа жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi халықтың мақсатты топтарына арналған әлеуметтiк жұмыс орындары 77 жұмыссыз азаматтарды қамту жоспарларымен ақшалай қаражаттың сомасы 6900,0 мың теңге бөлiндi. 2009 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша уәкiлеттi органдарынан шаруашылық субьектiлерiнен 133 адам нақты жiберiлген, 2009 жылғы 1 желтоқсан игеру сомасы 6210 мың теңге құрады, немесе 100 пайыз жоспарланған кезеңiне.
Бұдан басқа жастар тәжiрибесiне 79 адамға ақшалай қаражат сомасы 9598,0 мың теңге бөлiндi, нақты кәсiпорындарына 141 адам жiберiлдi, игеру сомасы 1 желтоқсан 8055 мын тенге.
Бiлiм беру және ғылым Министрлiгi мен Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмiмен 2009 жылғы 17 сәуiрдегi қол қойылған келiсiмiнiң негiзiнде «Жол қартасының» шегiнде, қиялы кәсiби №3 лицейiне жүргiзушi (В категориясынан С категориясына, аспаз, iс тiгiсушi, тракторист , газоэлектросварщик кәсiби бойынша 17 адам кадрларды дайындау және қайта даярлауына қаржылай ақша сомасы 12369,0 мың теңге бөлiндi. 1 желтоқсан -10905 мың теңге орындалды,110 адам оқып жатыр.
Барлық жоғары айтылған шаралар жұмыссыз адамдарының саның және күнкөрiстiң ен төменгi деңгейiндегi кiрiсi бар халықтың үлесiн қысқартуға жағдай туғызды
2009 жылғы 1 желтоқсан уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздардың өткен жылдың сәйкестi 6,3 пайызға төмендедi, өткен жылдын сәйкестi жыл кезегiне.
Кедейлiк шегiнен төмен тұратын адамдардың саны — 478 , бұл өткен жылдың сәйкестi кезенiн деңгейiнен 269 адамға төмен, мәлiмдеме 2009 жылғы 1 қаңтарына 123 адам.
18 жасқа дейiнгi балалар үшiн жәрдемақы есептеуге тұтынушы себетiнiң көлемi 7025 теңге құрды, Өткен жылдың сәйкестi кезеңiне қарай балаларға жәрдемақы алушылардың саны 7,8 пайызға өстi, 1605 адамнан 1348 адамға дейiн қысқартылды.
2009 жылғы 1 желтоқсан жағдайы бойынша атаулы әлеуметтiк көмек 11570 мың теңге тағайындалды және төлендi, балаларға жәрдемақы -12503 мың теңге.
Ағымды 2009 жылы азық-түлiк тағамдар қымбаттауына байланысты аз қамтамасыз азаматтарға әлеуметтiк көмек төлендi , барлық 251 от басына төлендi, 768 от басы мүшесiне — 6151 мың теңге.
Мүгедектердi ақтау бағдарламаны iске асыруына қаражат ақшалар игерiлген мөлшерiнде:
Ұлы Отан Соғыс Ардагерлерiне — 28 адамға шаштараз және мойшаға бару үшiн 147,0 мың теңге әлеуметтiк көмек;
Санитарлық –курорттық емдеуiне 11 адам, сомасы 770,0 мың теңге;
15 адамға тiс салу үшiн сомасы 213,0 мың теңге әлеуметтiк көмек;
Туберкулез белсендi нысаны ауру 20 адамдарға — қосымша тамақтандыру әлеуметтiк көмек сомасы 151,0 мың теңге.
Ұлы Отан Соғыс Ардагерлерiне коммуналдық қызмет көрсетуге 28 адамға әлеуметтiк көмек соммасы 1126,0 мың теңге;
Арнайы гигиеналық жабдықтармен 35 мүгедек адамдарды қамтамасыз ету, сомасы 1957 мың теңге;
Жеке көмекшi қызметiне 6 адам, сомасы 273,0 мың теңге;
Тiл ымдаспа маманың қызметi 4 адам, сомасы 96,0 мың теңге;
Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарлама бөлiмiнде жалғыз тұратын қариялар мен мүгедек адамдарға үйде көмек көрсету үшiн үш әлеуметтiк көмек бөлiмшесi жұмыс атқарады, барлық қызмет көрсететiн 247 адам, олардың iшiнен 21 мүгедектер. Мүмкiндiгi шектеулi 24 бала көмек көрсетiледi.
Ауданда орташа айлық еңбек ақы қаңтар –қазан кезенiн де — 34340 теңге бұл орташа облыстықтан 23,7%төмен.
Өткен жылдың сәйкестi кезеңiне қарай орташа айлық еңбек ақының өсуi 17,9 пайыз құрды ( орташа облыстықтан 14,8% өсуi) соның iшiнде салалар бойынша: ауыл шаруашылық (21,6% ), бюджеттiк салалары бойынша 18,4%.
Орташа айлық еңбек ақы деңгейiне ауыл шаруашылық саласына «Транс авто» ЖШС инвесторлық фирмасына кәсiпорындарында жалақысы төмендiгi әсерiн тигiзедi, бұл инвестордың кәсiпорыны бойынша -26204 теңге құрды, басқа кәсiпорындар бойынша 37,2 пайыз жоғары — 35962 теңге.
Өткен жылдың сәйкестi кезеңiне нақты еңбек ақының индексi 109,9% орташа облыстықтан 106,9 %.
Аудан бойынша бiр адам жанына айына күнкөрiстiң ен төменгi деңгейi мөлшерi -11253 теңге құрайды, а.ж. қазан айына 11,1% азайды, 2008 жылдың желтоқсан айына 2,0% азайды.
Денсаулық сақтау
2009 жылғы бастан денсаулық сақтау жүйесiн қайта ұйымдастыру жалғасты. 2009 жылы 28 қарашадағы СҚО ЗБ № 36 бұйрығына келiсiлдi Қызыл –Жұлдыз және Сенное селоларында медициналық пунктерiн жоюы өткiзiлдi. Облыс әкiмнiң 2009 жылғы 3 наурыздағы №43 қаулысына келiсiлдi 4 мамырдан бастап аудан орталық ауруханасы қайта құрылды ,емханамен қосылу жолы мен.
1 желтоқсан ауданда 33 медициналық мекеме жұмыс атқарады.
100 орынға арналған орталық аудандық аурухана, 30 орынға адамға арналған аудандық туберкулезге қарсы диспансер, 11 дәрiгерлiк амбулатория, 19 медициналық пункт ұсынады, Санэпидемстанция.
Оларда 27 дәрiгер, 145 орта медициналық қызметкер,аудан бойынша 10000 халыққа дәрiгерлермен -9,2 қамсыздандырылған, облыстық көрсеткiштер бойынша 10,1.
Барлық дәрiгерлiк амбулаториялар және медициналық пунктерi телефондалған.
Аудандық емханада медициналық құрал-жабдықтармен қамтылу 23,56% құрады, облыстық көрсеткiш — 50,12%, дәрiгерлiк амбулаторияларда — 35,24%, облыстық көрсеткiш — 29,97%; медициналық пунктiлерде — 41,39%, облыстық көрсеткiш-39,69%.
2009 жылы 11 ай бойынша ауданның денсаулық сақтау медициналық ұйымдарын ұстауға 308770 мың теңге көлемiнде қаражат бөлiндi, игерiлген 308770 мың теңге (100%). Соның iшiнде «Стационарлық медициналық қызмет көрсетуге» жергiлiктi бюджет есебiнен 123343 мың теңге, «Халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге» 141519 мың теңге, «Әлеуметтiк маңызы бар сырқатпен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсетуге» жергiлiктi бюджет есебiнен 43908,0 мың теңге.
- 2009 жылы 11 ай бойынша күрделi жөндеу бойынша 51786,3 тың теңге игерiлген, соның iшiнде:
- туберкулезге қарсы диспансердiң негiзгi корпустың шатырын күрделi жөндеу үшiн 6731,0 мың теңге игерiлген.
- аудандық орталық ауруханасының негiзгi корпусының фасадын күрделi жөндеу 35581 мың теңге игерiлген.
- аудандық орталық ауруханасына кiр жуу және ас блогын күрделi жөндеу 9474,3 мың теңге игерiлген.
Аудандық орталық ауруханасына санитарлық көлiк және медициналық жабдықтар сатып алу үшiн 6952,0 мың теңге игерiлген, соның iшiнде Григорьевка, Полтавка, Черкасс, Аудандық орталық ауруханасына.
2009 жылы республикалық бюджет есебiнен амбулаториялық деңгейiнде дәрiлермен қамтамасыз етiлген - 5 жасқа дейiнгi балаларды қамтамасыз етуiне 485 мың теңге бөлiндi, 104пайыз орындалған , 505 мын тенге игерiлген.
Екiқабат әйелдерге железо, иод қосылған дәрi-дәрмектер қамтамасыз етуiне 460 мың теңге бөлiнген, 869,8 мың теңге игерiлген, 189%- орындалған;
азаматтардың жекелеген топтарына жеңiлдiкпен қамтамасыз етуiне 2149,7 мың теңге бөлiндi, 1867,1мың теңге игерiлген, 87 пайыз орындалды;
Диспансерлық есебiнде тұратын балалар мен жас өспiрiмдер қамтамасыз етуiне 471,6 мың теңге, 423,3 мың теңге игерiлген, 89,0 пайыз орындалды;
2009 жылы жергiлiктi бюджет есебiнен амбулаториялық деңгейiнде дәрiлермен қамтамасыз етiлуiне:
Жекелеген аурулар түрiн қамтамасыз етуiне 9121,9 мың теңге бөлiндi, 8539 мың теңге игерiлген, 94 пайыз орындалды;
Қант ауру мен ауратын адамдарын қамтамасыз етуiне 1994,5 мың теңге бөлiндi, 2307,1 мың теңге игерiлген, 116 пайыз орындалды.
2009 жылдың 10 айдын iшiнде 2008 жылыдың 10 ай мен салыстырғанда, нәрестелердiң өлiмi 25,4 ден 4,1 дейiн төмендегенi байқалды 1000 бала туғаннан, облыс көрсеткiштен 14,2.
2009 жылдың 10 айдын iшiнде 2008 жылмен салыстырғанда, онкологиялық ауру-сырқаулықтың көбейдi 11,1 пайыз, 208,7 ден 233,6 дейiн 100000 халыққа, облыстық көрсеткiш бойынша 212,3
2009 жылдың 10 айдын iшiнде 2008 жылдың сәйкестi кезеңiмен салыстырғанда ерте байқаған қөтерлi аурудан өлген адамдардың саны 115,1 ден 116,8 дейiн ,1,01 есе көбейдi, 100000 халыққа(10 нан 17 дейiн жағдайда), облыстық көрсеткiш бойынша 101,7.
Қатерлi науқастықты кеш байқаған диагностиканың пайызы 12,5% құрайды, облыстық көрсеткiш бойынша 14,0%.
Бiлiм беру
Бiлiм беру саласында 27 мектеп, 277 оқушыны қамтитын 27 мектепке дейiнгi дайындық сыныбы бар.
8 мектепте жанында шағын орталықтар (Астраханка, Аралағаш, Власовка, Тоқшын, Шағалалы, Полкавка, Ивановка,Рублевка), оларда 191 бала мектепке дейiнгi дайындықтан өтуде
Ауданның 6 мектебiнде (Власовка, Тоқшын, Шағалалы, Смирнов №3, Совет, Аралағаш) 147 оқушы тұратын мектеп жанындағы интернаттар бар.
1 мектептен тыс мекеме бар — аулалық клуб (11 секция соның iшiнде жалпы физикалық дайындық, бейнелеу өнерi, би, шахмат, волейбол, армреслинг, авиамобельдiк, техникалық шығармашылық, теннис, спорттық бағдарлық, велоспорт) — 192 бала;
Смирново және Черкасское селоларында 2 балабақша қызмет атқарады 190 орына.
Балалар мен жас өспiрiмдердiң спорттық мектебi және Ленинский селосында балалар сауықтыратын лагерi ауданда қызмет атқарады
Тоқшын мектеп-гимназиясы жанында мүмкiндiктерi шектеулi балаларды оқытуға арналған сынып бар.
Барлық мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелер телефондалған және интернет жүйесiне қосылған, соның iшiнде 5 мектеп магистральдық жүйесi ОКУ NЕТ қосылған.
Мектептер жанында спортзалдар, алаңдар, стадиондар бар.
2009 жылы интерактив оқыту жүйесiн енгiзу бағдарлама бойынша Тоқшын мектеп — гимназияда бiр әмбебап интерактивты тақта және физика, биология, химия арнайы интерактивты кабинеттерiн сатып алу және орнатуына -6353 мың теңге бөлiндi, 1 желтоқсан- 6285 мын теңге орындалды.
Астраханка және Совет орта мектептерiне мультимедия кабинет сатып алуына, және Власовка орта мектебiне биология кабинет сатып алуға қаражат қарастырылды. 1 желтоқсан 14578 мын тенге төлендi.
005 бағдарлама бойынша оқулықтармен оқу-әдiстемелiк кешендердi сатып алу және жеткiзу-9357,0 мың теңге бөлiндi, 1 желтоқсан 9349,0 мың теңге төлендi.
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру 004 бағдарлама бойынша (Черкасс ОМ -6 бiрлiк, Тюменская НМ- 3 бiрлiк, Камышлова НМ-3 бiрлiк, Дайындық НМ- 3 бiрлiк, Добровольский НМ — 3 бiрлiк, Астраханка ОМ- 2 бiрлiк, Шағалалы -2бiрлiк) 22 бiрлiк компьютерлiк техника сатып алуына Республикалық бюджет есебiнiң -2864 мың теңге бөлiндi, 1 желтоқсан 2847 мың теңге орындалды.
Рублевка және Ивановка орта мектептерiне күрделi жөндеу 16616 мың теңге өткiзiлдi; Совет ОМ күрделi жөндеуiне 9000 мың теңге бөлiндi, игерiлген 100 пайыз; Смирново селосында күрделi жөндеуiне 4893 мың теңге игерiлген; «Жол карта» шегiнде Қиялы ОМ күрделi жөндеуiне 20000 мың теңге қаражат бөлiндi, 100 пайыз игерiлген.
Мектептерде бiлiм беру процессында 563 ұстаз жұмыс атқарады , олардың iшiнде 82 пайыз жоғары бiлiмi бар, 2 ұпай жоғары бiлiмiн аяқтамаған, 16 орта арнайы бiлiмi бар ұстаздар. Жоғары санаты бар 9 пайыз, 38 пайыз бiрiншi санаты бар.
Есептi кезеңiнде 130 мұғалiм бiлiктiлiгiн көтеру курсын бiтiрдi. Ауданда кадрлардың жетпейтiнi -28 мұғалiм, олардың iшiнде 4 шетел тiлдер мұғалiмi, 3 бiрлiктен математика,информатика, физика. Аудан мектебiне жас мамандарды тарту бойынша шаралар әзiрленген.
Есептi жылда аз қамамасыз отбасылардың балаларына материалдық көмек үлкен назар аударылады.Өткен жарты жылда 130 оқушыларына жалпы орта бiлiм беру қорынан кийiм сатып алынды -800 мың теңгеге, 19 түлекке ақшалай материалдық көмек мөлшерiнде 700 мың теңге, алты оқушыға «Бөбек» лагерiне жолдама алынды, 102 жолдама ауданның «Оқжетпес» сауықтыру лагерiне -1224 мың теңге.
Ағымды өткен оқу жылында 93,6 пайыз оқушылардың ыстық тамақ алды, соның iшiнде жергiлiктi бюджет есебiнен 11 пайыз. Жалпы оқу қорынан 2472,3 мың теңге ыстық тамаққа қаражат пайдаланды. Ыстық тамақ ұйымдастыруын қамтамасыз ету мақсатында 280 мың теңге бағытталды, Тоқшын, Шағалалы, Қиялы, Ленинский орта мектептерiне асханалық жабдықтарды жаңартуына және Аралағаш, Смирново екiншi және үшiншi орта мектептерiнде жөндеу өткiзiлдi.
Қосалқы шаруашылық демеушi көмек есебiнен, ата аналар мектептерде ағымды жөндеу өткiздi.
Ленинский орта мектебiнде терезе және сыртқы есiктiң блогын, жарым — жартылай сәкiсiн ауыстыруына, сыртқы жөндеу жұмысы өткiзуiне демеушi көмек Зинченко ҚШ сомасы 7000 мың теңге берiлдi.
Ауданда 3 селолық клуб, 5 селолық және 1 аудандық мәдениет үйi, 13 мемлекеттiк кiтапхана қызмет етедi.
Аудан аумағында тұратын барлық ұлттардын салт дәстүрлерiн өркендеу және сақтандыру үшiн мәдениет мекемелерiнде жұмыстар өткiзiледi. 3 ұлттық мәдениет орталығы әрекет етедi: славяндық, қазақ, украйындық.Аудандық мәдениет ұйде «Шабыт» студия –театр, және Аралағаш халық театiрi — әрекет жасайды.
10 жеке меншiктегi клубтар iшiнде (6 селолық клубтары-Астраханка СК, Амангелдi СК, Дайындық СК, Тюменка СК, Үлгi СК, Добровольский СК , 4 селолық Мәдениет үйе- Ивановка селолық мәдениет ұйы, Қиялы СМҮ, Тоқшын селолық мәдениет ұйы, Черкасс селолық мәдениет ұйы) 4 әрекет етедi (Дайындық СК, Тюменка СК, Черкасс селолық мәдениет ұйы, Қиялы СМҮ)
Жеке меншiкте болған клубтық мекемелерi мемлекеттiк жүйесiне қайтару бойынша жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.
Аудан көркем өнерiнде 61 ұжым әрекет етедi. Ұжымның әсемдiк шығармашылығының негiзi би, әндiк, хор және солы, болып табылады. Ұжымның әсемдiк шығармашылығында 647 адам жұмыс атқарады.
Аудан Мәдениет үйде театралдық студиясы «Шабыт», «Радужный мир», вокалды тобы, «Женеше-ай» ансамбль, хореографиялық ұжым, соғыс және еңбек ардагерлерiнiң хор үйiрмесi, 3 би тобы, барлық үш би тобы бiр топтасқан ұжым құрайды жалпы топтың атауы «Меруерт».2009 жыл дан бастап iс сапар жолына келiсiлдi 19 артық көшпелi концерт жүргiзiлдi (Рублевка және Аралағаш селосында, аудан ауруханада, Астраханка селолық округiнде, қариялар және мүгедек терге арналған интернат-үйенде)аудан мәдени ет үйдiң мәдениет жұмысшылармен ұйымдастырылған.
Аудандық мәдениет үйде украйындық, қазақ, славян ұлттық мәдениет орталығы жұмыс атқарады, ауданда тұратын этникалық тобының бiрлестiк өкiлдерi, бұл Қазақстан халықтың көп ұлтты мәдениетiн көрсетедi.
Бұл орталықтардың ең манызды мәселесi- қайта өркендеу бойынша белсендi жұмыстар, ұлттық мәдениет дамуы, әдет-ғұрып және дәстүрi, халықтың әлеуметтiк белсендiлiктi көтеру, ұлтаралық қатынасының жаңа нысаның даму.
Аралағаш селолық клубында халық театры өз жұмысын жалғастырады.
Аудан кiтапханаларында кiтапхана қоры 137670 дана кiтап құрайды, соның iшiн қазақ тiлiнде 26112 дана. Ағымды кезеңiнде облыстық кiтапхана арқылы және мемлекеттiк тапсырма 1522 дана, соның iшiнде мемлекеттiк тiлде 1327 дана сомасы 1277,1 теңге. Ағымды кезеңiнде аудан кiтапханасымен 78,0 мың дана артық кiтап жiберiлдi, 4000адамнан артық оқырмандарға қызмет көрсетiлдi.
Ауданда «Колос » редакциясы әрекет жасайды, мемлекеттiк тiлде шығатын газетi «Аққайың» тиражы -850 данада жылында шығады, «Колос» газетiнiң тиражы -3,5 мың данада жылында шығады.
Спорт
Ауданда спорттық объектiлерiнен 125 спорт құрылымы әрекет жасайды: 8 стадион трибунамен , 17 спорттық залы, 12 хоккейлiк аланы, 1 шаңғы базасы, 1 атыс тирi. Стадионды жөндеуге 4893мың теңге жұмсалды. Ауданда балалар мен жас өспiрiмдердiң спорт мектебi әрекет етедi, онда спорттың 5 түрiмен 377 адам айналысады. Өткен жылдың қаңтар –қараша кезеңiнде ауданда 51 спорттық iс шаралар өткiзiлiп, оған 5690 адам қатысты, шiлде айында жазғы облыстық «Ақ бидай» спорттық мерекесi өткiзiлiп, оған бiздiң ауданнан 113 спортшы қатысты. Жалпы командалық есеп бойынша аудан бiрiншi орынға ие болды.
Қоғамдық және дiни бiрлестiктер
Ауданда 5 тiркелген дiни бiрлестiк әрекет етедi:
- «Қазақстан мұсылмандарын рухани басқару» дiни бiрлестiгiнiң Аққайың аудандық филиалы (Смирново с.)
- «Приход Преподобного Серафима Саровского Чимкентской епархии» (Смирново с.)
- «Римско-католический Приход «Святая Троица» филиалы (Смирново с.)
- «Церковь Евангельских христиан-баптистов» дiни бiрлестiгiнiң филиалы (Смирново с.)
- «Союз Евангельских христиан-баптистов Казахстана» дiни бiрлестiктер одағының дiни қауымдастығы (Қиялы с.)
Болашақта жоспарлаймыз:
- бәсекеге қабiлеттi азық-түлiк өнiмдерiн өндiрудiң тұрақты өсуiн қамтамасыз ету және өндiрiлген ауыл шаруашылық өнiмдерiн қайта өңдеу көлемiн арттыруға қол жеткiзу;
- өндiрiс және халықты жұмыс пен қамтамасыз ету құрылымында шағын және орта iскерлiктiн үлесiн арттыру жұмысын жүргiзу, кәсiпкерлiкпен айналысуға жайлы жағдай жасау;
- өндiрiске заманауи технологияларды еңгiзу мен игеруде инновациялық қызметтi дамытуды жалғастыру;
- ауыл шаруашылығында шаруа қожалықтарын iрiнлендiру жұмысын жалғастыру, техниканы жаңалау, мал шаруашылығын дамыту;
- аудан селоларын абаттандыру, селолық елдi мекендердi жарықтандыру, жолдарды жөндеу мен күтiп ұстау жұмыстарын жалғастыру.
«Жол картасы» бойынша 2010 жылға қаражаттар жоспарланды:
- кадрларды жұмыспен қамту және қайта даярлау өңiрлiк стратегиясын жүзеге асыруға — 87 206 мың теңге;
- «әлеуметтiк жұмыс орындар» — 4 440 мың теңге;
- «жастар тәжiрибесi» — 7 200 мың теңге;
- Смирново селосының энергиямен қамтамасыз ету объектiлерiн кешендi жөндеу — 10 239 мың теңге;
- Көктерек ауылында сумен қамтамасыз ету және су мұнарасын жөндеу — 21 584 мың теңге;
- Трудовое ауылында клубты кешендi жөндеу — 12 573 мың теңге;
- ауданның жөндеу-жол жұмыстары 10 000 мың теңге.
Сонымен бiрге Кучковка, Тюменка, Добровольск негiзгi мектептерiнiң жанында шағын орталықтарды ұлғайту бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Құрметтi жерлестер!
Уақыт көрсеткендей есептi кездесулер маңызды рөлге ие болды. Бұл кездесулер тұрғындар мен аудандық құрылымдар арасындағы диалогтың басты алаңы болды.
2009 жылғы есептi кездесулер кезiнде аудан тұрғындарынан 239 сұрақ түсiп, оның ең көп бөлiгi 42 сұрақ — елдiмекендердi абаттандыру, 24 сұрақ — ауыз сумен қамтамсыз ету, 32 сұрақ — қызмет көрсету саласын дамыту, 26 сұрақ — жолдарды салу мен жөндеу. 68 сұрақ орындау үшiн бақылауға алынды. Бүгiнгi күнi бақылаудағы 68 сұрақтың 66 шешiлiп, 2 болашақта шешiмiн күтедi.
Трудовое, Астраханка, Черкасс селоларындағы су тарату торабтарын жөндеу мәселесi ашық қалып отыр.
Тоқсан сайын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында ұсыныстар мен ескертулердiн орындалуы жөнiндегi ақпарат. «Есептi кездесулер: не iстелiндi?» және «Билiк және iс» айдарымен жарияланып отырады.
Құрметтi аққайыңдықтар!
Бiз ауданымыздың тағы бiр өмiр парағын жауып, 2009 жылды басымыздан өткiзiп отырмыз. Қорытындылар бiздiң дамуымыздың қауырттығын дәлелдейдi. Бұл бiздiң ауданымызды бiрлесе дамытуға және өзгертуге мүмкiндiк ашады. Ең бастысы, бiз бұларды қайда жұмсауға және одан қандай нәтиже шығатынын бiлемiз. Осы жыл ауданның әр тұрғынының өмiрдiң жаңа сапасына қол жеткiзу кезеңi, аудан дамуындағы әлеуметтiк-экономикалық тұрақтандыру шараларының аса маңызды жетiстiгi болатындығына сенiмдiмiн.






